Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Борис Спасский ФИДЕ сайлауында Илюмжиновтың кандидатурасын қолдайды

Борис Спасский

Шахматтан әлемнің оныншы чемпионы Борис Спасский Халықаралық шахмат федерациясының (ФИДЕ) президентін сайлауда ұйымның қазіргі басшысы Кирсан Илюмжиновтың кандидатурасын қолдайтынын мәлім етті.

Бұл туралы Спасский ИТАР-ТАСС тілшісіне берген сұхбатында айтты.

ФИДЕ басшылығының сайлауы  2014 жылдың тамызында Норвегияның Тромсе қаласында бүкіләлемдік шахмат олимпиадасы кезінде өткізіледі. Қазір ұйымның президенттігі орнынан осы қызметті 1995 жылдың қарашасынан  бері атқарып келе жатқан Илюмжинов үміткер және шахматтан 13-ші әлем чемпионы Гарри Каспаров та дәмелі. Дауыс беруге ФИДЕ  бас ассамблеясының 181 делегаты қатысады.

«Мен Халықаралық шахмат федерациясы ұйымының қазіргі басшысы жағындамын. Себебі Илюмжинов Ресейдегі қиындыққа толы жылдары ерлер мен әйелдер арасында осы елдің чемпионаттарын ұйымдастыра білді», — деді Спасский.

 

АСТАНА. ҚазАқпарат

 
0
0
213

Осы тақырып бойынша

Борис Спасский ФИДЕ сайлауында Илюмжиновтың кандидатурасын қолдайды - Yvision.kz