Мазмұнға өту

Жаңа

Кәсіпкерлікті қорғау мәселелері бойынша өзара ынтымақтастық туралы қабылданған үшжақты Меморандум туралы БАҚ үшін ақпарат

Көлік прокуратурасы органдарының басым бағыттарының бірі кәсіпкерлердің заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау болып табылады.

http://prokuror.gov.kz/kaz/baspasoz/akparaty/ksipkerlikti-korgau-mseleleri-boyynsha-ozara-yntymaktastyk-turaly-kabyldangan-0

0
0
309

Жайық өзеніне бекіре тұқымдас балықтарының тағы 691 мың дана шабағы жіберілді

2014 жылдың 30 шілдесінде Атырау бекіре балық өсіру зауытының мамандары Жайық өзеніне бекіре тұқымдастарға жатқызылатын шоқыр балығының 691 мың  дана шабағын жіберді.

Атырау бекіре балық өсіру зауытының тоғандарында өсіріліп, биыл Жайыққа жіберілген бекіре және шоқыр шабақтарының жалпы көлемі 3 млн. 647 мың данаға жетті.

ҚР ҚОСРМ баспасөз қызметі

http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2014/07/105-63/

0
0
366

Қазақстандық кәсіпорыдардың 80 тонна қауіпті қалдықтары Францияда жойылды

Қазақстан Республикасының қоршаған орта және су ресурстары министрлігі БҰҰ Даму Бағдарламасымен бірлесіп, 80 тонна совтолды (құрамында полихлордифенил бар май) Францияға жеткізді. Бұл шара БҰҰ Даму Бағдарламасының Қазақстанда полихлорланған дифенилдарды (ПХД) басқару жөніндегі кешенді жоспарды құру және орындау жобасы аясында іске асырылды. Аталған жоба Қазақстанның тұрақты органикалық ластаушылар жөніндегі Стокгольм конвенциясы шеңберінде алған міндеттемелерін орындауға бағытталған. Қалдықтарды шет елге тасымалдау алдында жобалық команда бірқатар мемлекеттік органдармен және кәсіпорындармен бірлесіп жұмыс жүргізіп, Базель конвенциясының талаптарына сәйкес қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауға және жоюға рұқсат алды. Бірқатар қазақстандық ірі кәсіпорындарының трансформаторларына…

0
0
554

Призер «Қазақстан барысы-2014» примет участие в Чемпионате мира по дзюдо

Руслан Абдразаков, занявший 3 место в турнире по қазақша күрес «Қазақстан барысы-2014», в составе национальной сборной страны по дзюдо примет участие в Чемпионате мира, сообщает пресс-служба Конфедерации спортивных единоборств и силовых видов спорта. «Тренерский штаб мужской сборной Казахстана по дзюдо определился с составом на Чемпионат мира, который пройдет в Челябинске с 25 по 31 августа: 60 кг – Айбек Имашев (Актау), Еркебулан Косаев (ВКО); 66 кг – Сергей Лим, Елдос Жумаканов (оба из Алматы), Жансай Смагулов (Караганда); 73 кг – Ертуган Торенов (Тараз); 81 кг – Ринат Ибрагимов (ЗКО); 90 кг – Самат Есен (ЮКО); 100 кг – Максим Раков (Караганда), Адильхан Козыбаев (Кызылорда); + 100 кг – Руслан Абдразаков (Кызылорда). Чемпионат мира в Челябинске является главным стартом года для дзюдоист…

0
0
252

Алматы маңында Ұлттық спорт түрлерінен ҚР ІІІ чемпионаты өтеді

Алматы облысы, Қарасай ауданының Үшқоңыр кенті маңында 31 шілде мен 5 тамыз аралығында Ұлттық спорт түрлерінен жасөспірімдер арасында ҚР ІІІ чемпионаты өтеді. «Бұл чемпионатқа 18 жасқа дейінгі жастар қатысады. Әзірге 10 команда белгілі болып отыр. Олардың ішінде Алматы қаласы мен Алматы облысының командалары бар. Бір командада 15-17 жігіттен болады. 12 жігіт көкпарға, 3 жігіт аударыспаққа және тағы 2 жігіт теңге алу жарысына қатысады деп күтілуде. Командалар мен команда мүшелерінің нақты тізімі, салмақ дәрежелері және жүлделер қоры бүгін кешке қарай, мандаттық комиссияның отырысынан кейін белгілі болады» — деді өз сөзінде Алматы қаласы бойынша ат спортының бапкері Сәрсенбай Құлбаев. Естеріңізге сала кетейік, ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің қолдауымен ұйымдастырылып жатқан…

0
0
330

Котто промоутері Головкинмен жекпе-жек ұйымдастыруға сескеніп отыр

WBC чемпионы Мигель Коттоның (39-4, 32 КО) промоутері Боб Арум қазақстандық боксшы, WBA/IBO титулдарының иегері Геннадий Головкинмен (30-0, 27 КО) жекпе-жек ұйымдастыруға сескеніп отыр, деп хабарлайды sports.kz. «Ең алдымен Котто жекпе-жекке кіммен шығатынын өзі шешеді. Бірақ меніңше, Сауль Альвареспен болатын кездесу Головкинге қарағанда тартымдырақ болатын сияқты», — дейді ол. «Маған Головкин де, Том Леффлер де ұнайды. Головкин ұлы боксшы екенін де ешкім теріске шығара алмайды, дегенмен мен осы жекпе-жек қанша көрермен жинайтынын білмеймін». Арумды бұл ойға осының алдында өткен Гил-Головкин жекпе-жегіндегі көрермендер санының аздығы итермелеген болса керек. HBO мәліметтеріне қарағанда, аталмыш кездесуді 984 000 көрермен ғана тамашалаған. Бұл көрсеткіш 2013 жылы Кертис Стивенспен болған…

0
0
216

«Қазақстан барысы-2014» жүлдегері дзюдодан әлем чемпионатына қатысады

Қазақша күрестен «Қазақстан барысы-2014» турнирінде үшінші орын алған Руслан Әбдіразақов дзюдодан әлем чемпионатына ұлттық құрама сапында қатысатын болды, деп хабарлады Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясының баспасөз қызметінен. Дзюдодан Қазақстанның ерлер құрамасының жаттықтырушылар штабы тамыздың 25-31 аралығында Челябіде өтетін әлем чемпионатына қатысатын құрама сапын анықтады. Сонымен ел намысын байрақты бәсекеде мына палуандар қорғайтын болады: 60 келіде — Айбек Имашев (Ақтау), Еркебұлан Қосаев (ШҚО); 66 келіде — Сергей Лим, Елдос Жұмақанов (екеуі де Алматыдан), Жансай Смағұлов (Қарағанды); 73 келіде — Ертуған Торенов (Тараз); 81 келіде — Ринат Ибрагимов (БҚО); 90 келіде — Самат Есен (ОҚО); 100 келіде — Максим Раков (Қарағанды), Әділхан Қозыбаев (Қыз…

0
0
393

«Ақтөбе» Чемпиондар лигасында «Стяуамен» тең түстi

Қазақстан Премьер-лигасының чемпионы «Ақтөбе» футбол клубы Чемпиондар лигасының үшiншi раундында румыниялық «Стяуамен» 2:2 есебiмен тең түстi. Ақтөбе алаңында өткен матчты қазақстандық команда белсендi бастаған болатын. Алайда сәттiлiк «Стяуаға» серiк болды. Қарсыластардың шабуылдарының бiрiнде Сидельников қателiкке бой алдырып, қонақтар есептi ашты. Гол авторы — Кешеру. Екiншi таймда Коробкин бұрыштамадан берiлген пасты ұтымды пайдаланып, есептi теңестiре алды. Бiрақ ақтөбелiк жанкүйерлердiң қуанышы көпке созылмады. Алыстан шiрене тебiлген доп қорғаушылардың бiрiне серпiлiп, қақпада тулап сала бердi. Көп күш жұмсамай екi соққы жасап, екеуiн де голға айналдырған қонақтар осымен жеңiс еншiмiзде деп ойласа керек, мығым қорғанысқа көштi. Алайда «Ақтөбе» футболшысы Арзуманян соңғы минуттарда…

0
0
238

Қазақстанның футбол құрамасы Тәжікстан командасымен кездеседі

Қазақстанның футбол құрамасы Тәжікстан командасымен кездеседі
Қазақстанның футбол құрамасы Тәжікстан командасымен жолдастық кездесу өткізеді, деп хабарлайды ҚФФ баспасөз қызметі.

Еуро-2016 чемпионатына дайындық ретінде өткізілгелі отырған матч 12 тамыз күні Алматының Орталық стадионында болады. Басталуы — Астана уақыты бойынша сағат 19:30-да.

Қазақстан футболшылары осы уақытқа дейін Тәжікстан құрамасымен үш рет ойнағандығын айта кеткен жөн. Екі кездесу қазақстандықтардың пайдасына шешілсе, бір матчта тең ойын тіркелді.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Қазақстан құрамасы 5-13 тамыз күндері Талғарда оқу-жаттығу жиындарын өткізбек. Команда Еуро-2016 чемпионатының іріктеу сынына дайындалуы тиіс. Құраманың бас бапкері Юрий Красножанның кеңейтілген тізімінде 41 футболшы бар.

АСТАНА. ҚазАқпарат - Автор: Жасұлан Жолдыбаев
0
0
241