Бокстан Алматы қаласының құрама командасы Қазақстан бокс федерациясы кубогы үшін жарыстан шығып қалды
Бокстан Алматы облысының командасы ширек финалда Маңғыстау облысының командасынан 7:3 есебімен ұтылып, келесі кезеңге шыға алмай қалды. Алматыда Республикалық спорт колледжінде өткен ширек финалдық кезеңде Алматы командасы алғашқы кездесуде Павлодар облысының командасын 6:4 есебімен жеңген болатын. Бірақ кеше өткен екінші кездесуде Қазақстан бокс федерациясы кубогының 2012 жылғы чемпионы — Маңғыстау облысының командасы алматылықтарды айқын басымдықпен жеңіп, «А» тобынан жартылай финалға жолдама алды. Алматылық боксшылардың жеңілісін және жалпы сүреңсіз өнер көрсеткендерін Алматы қалалық бокс федерациясының президенті Амалбек Тшанов sports.kz сайтына берген қысқаша сұхбатында жігіттердің бұл жарысқа жеткілікті дайындала алмағандықтарымен түсіндірді. Оның айтуынша, оңтүстік астанада жыл сай…


