Мазмұнға өту

Жаңа

Денсаулық сақтау министрлігі электрондық денсаулық сақтаудың базалық стандарттарын әзірледі

Елбасының «Қазақстан 2050 Стратегиясы»- қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында басты басымдылықтың бірі - электрондық медицина қызметін енгізу болып белгіленген.

http://www.mz.gov.kz/index.php?option=com_content&view=article&id=1730:densauly-sa-tau-ministrligi-elektrondy

0
0
565

Абылайдың шын есімі кім?

Сан ғасырлар бойы қалыптаскан қазақтың ауызша және шежірелік жазба тарихы арнайы білімі бар. Тарихты танумен шұғылданатын кәсіби тарихшылардың еншісіне ауыскан кеңес дәуірі тұсындағы мезгілдік және тәжірибелік ауыс-түйіс шекарасы тым қысқа уақытта өтті. Оның үстіне кеңес билігі тұсында тарих ғылымында таптық идеология құрсауындағы науқаншылдық сипат басымдылыққа ие болды. Соның нәтижесінде халықтың ауызша тарихының (кең мағынада мифологиялык тарих деп аталады) көріністері, нәтижелері мұқият елеп-екшеленбей шынайы тарихқа ұласып, ұлт тарихында мифологиялық таным мен шынайы тарихтың симбиоздық сипаттары көрініс тапты. Сондай симбиоздық белгі қазақтың атақты билеушісі Абылайдың ғұмырнамалық тарихында белгі алған. Айталык, бүгінгі қазақ тарихы ғылымында «Абылайдың шын есімі кім?» деген мәселе…

1
0
2076

Маңғыстау облысы прокурорының төрағалығымен кезекті алқа мәжілісі өткізілді

Маңғыстау облысының прокуроры Сабыржан Бекбосыновтың төрағалығымен 2013 жыл және 2014 жылдың 1-ші тоқсанында уәкілетті мемлекеттік органдардың және ірі кәсіпкерлік шаруашылық субъектілердің қызметінде еңбек заңнамасының сақталуы туралы тексерудің нәтижелері, оның ішінде өндірістік жарақаттылық жағдайларындағы заңдылықтың жай-күйі мәселелері бойынша кезекті алқа мәжілісі өткізілді.

http://prokuror.gov.kz/kaz/baspasoz/akparaty/mangystau-oblysy-prokurorynyn-toragalygymen-kezekti-alka-mzhilisi-otkizildi#mce_temp_url#

0
0
186

Кәсіпкер қоршаған ортаға зиян келтіргені үшін бас бостандығынан айырылды

2014 жылғы 4 тамызда  Батыс Қазақстан облысының Зеленов аудандық №2 сотында Қылмыстық Кодексінің 325б. 1б., 325б. 3б., 228б., 278 бабымен  өкілеттігін теріс пайдаланып, жалған құжаттар дайындап, экологиялық талаптарды бұзды деп айыпталған Нәсіпқали Машановқа қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімі жарияланды.

http://sud.gov.kz/kaz/news/ksipker-korshagan-ortaga-ziyan-keltirgeni-ushin-bas-bostandygynan-ayyryldy

13
0
401

Қыдырәлі Болманов, продюсер: «Кез-келген жоба немесе бизнестегі басты мақсатым – ұлтыма пайда келтірер дүние жасау»

Қазақ эстрадасының әншісі, қазақ продюсерлігінің алғашқы қарлығашы – Қыдырәлі Болманов бағдарлама қонағы болып отыр. Ең алғашқы жобасы – өзі өнер көрсеткен «АБК» триосы. Және халықаралық сахналарды бағындырған ең сәтті дүниесі – «Ұлытау» этно-рок тобы. Әнші бүгінде өмірдегі әрі өнердегі серігі Қарақатпен бірге дуэт құрып, ел алдына шығып жүр. Сонымен қатар жас дарындарды баулитын мектептері де бар.

0
0
847

Шоқпар шатқалының петроглифтері

Дала аумағының қалыптасқан дәстүрі бойынша жартасқа қашалған бейнелердің жинақталуын «қасиетті» деп сыни тұрғыда байланыстырып, үлкен, кіші, маңызды емес деген түсініктерді білдіреді. Шоқпар шатқалының петроглифтерін осындай ескерткіштердің қатарына жатқызуға болады, осы тақырыпты зерттеп жүрген А. Х. Марғұлан атындағы институттың қызметкерлерімен бірге, фундаменталды зерттеулер бағдарламасы бойынша «Ғылым ордасы» археологиялық мұражайының кіші ғылыми қызметкері ретінде мен де қатыстым. Петроглифтер меридианды бағытта өтіп жатқан Шоқпар бастауының жіңішке тастарында анықталған шатқалдың шығыс пен батыс бөліктерінде орналасқан. Оны тұрғылықты халық Сартай және Бөрібай деп атайды (1 сурет). Шатқалда қола, ерте темір дәуіріндегі тайпалардың: мазараттары, қоныстары және жартастардағы суреттер…

1
0
1972

ФУТБОЛ: Қазақстан чемпионатының бірінші кезеңі аяқталды

Бүгін Қазақстан премьер-лига чемпионатының 22-турдағы ойындары аяқталып, еліміздегі доп додасының бірінші кезеңі өз мәресіне жетті. Бұл туралы egemen.kz хабарлады. Бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша, «Ақтөбе» (Ақтөбе), «Қайрат» (Алматы) және «Астана» (Астана) командалары турнир кестесінің алдыңғы үш орнына жайғасты. «Шахтер» (Қарағанды), «Ордабасы» (Шымкент) және «Қайсар» (Қызылорда) алғашқы алтылыққа енді. Бүгін «Ақтөбе» өз алаңында «Таразды» қабылдады. Алаң иелері Роберт Арзуманян мен Марат Хайруллиннің 32 және 43-минуттарда салған голдарымен жеңіске жетті, есеп: 2:0. Ал Қарағандыдағы ойында алаң иелері мен Павлодардың «Ертісі» 2:2 болып ойынды аяқтады. «Ертісі» үздік алтылыққа ене алмады. Семейдің «Спартагы» Қостанайдың «Тобылын» 2:1 есебімен ұтқаны күтпеген жаңалық болды. Атырауда «…

0
0
357

Шахматтан Қазақстанның ерлер құрамасы екі дүркін олимпиада жүлдегерлерін жеңіп кетті

Норвегияның Тромс қаласында өтіп жатқан 41-ші Бүкіләлемдік шахмат олимпиадасының екінші турында Қазақстанның ерлер құрамасы швециялықтарды айқын басымдықпен жеңді, деп хабарлайды Vesti.kz. Қазақстандық квартет құрамына гроссмейстерлер — Павел Коцур, Рүстем Хуснутдинов, Петр Костенко мен халықаралық мастер Аслан Айтбаев кірді. Олар шведтік төрт гроссмейстер — Нильс Гранделиус, Евгений Агрест, Тайгер Хиллар Перссон мен Ханс Тикканеннен айласын асырды. Айта кетейік, бұл елдің командасы екі рет олимпиада жүлдегері атанған әккі құрама. Сондай-ақ, шахматтан Қазақстанның қыздар құрамасы да Того спортшыларын тізе бүктірді — 4:0. Өз қарсыластарын айқын басымдықпен Гулісхан Нахбаева, Динара Сәдуақасова, Мадина Дәулетбаева және Гүлмира Даулетова жеңді. Бұған дейін ел намысын қорғаған ерлер құрамасы…

0
0
221

Хопкинс Головкинға қарсы кездесуге қызығушылық білдіріп отыр

49 жастағы америкалық Бернард Хопкинс қазақстандық Генннадий Головкинге қарсы кездесуге қызығушылық білдіргенін растады, деп хабарлады Boxingscene.com. Өзінің келесі кездесуін Хопкинс ресейлік Сергей Ковалевқа қарсы өткізеді. Бұл кездесу осы жылдың қарашасында өтеді. Алайда содан кейін Хопкинс Головкинмен өтетін кездесу үшін бірнеше келіден арылуға дайын. Америкалық боксшы кездескісі келетін екі спортшының атын атады — Андре Уорд пен Геннадий Головкин. Еске сала кетейік, Бернард Хопкинстің Бейбіт Шүменовке қарсы кездесуі 20 сәуір күні өтіп, америкалықтың пайдасына шешілген болатын. Головкинға келер болсақ, ол өзінің соңғы кездесуін 27 шілде күні АҚШ-та өткізді және рингке екі-үш айдан кейін қайтып келуге дайын. Алайда WBA және IBO әлем чемпионының келесі қарсыласының есімі әлі аталған жоқ…

0
0
189

Астаналық спортшы кәсіби панкратионнан әлем чемпионы атанды

Бурабай курортында «Бурабай Панкратион-2014» ХIV дәстүрлі халықаралық жекпе-жек фестивалі өтті, деп хабарлады кәсіби панкратионнан Азия лигасының баспасөз қызметінен.

Бұл — халықаралық деңгейдегі 111 турнир. Онда Аssenov Fight нұсқасы бойынша әлем чемпионының тоғызыншы белбеуі үшін тартыс өтті.

Әлем чемпионаты жеңіл салмақ 62,5 + 1 кг дәрежесіндегі спортшылар арасында өтті.

Жарысқа түрлі жекпе-жек өкілдері қатысты (каратэ, бокс, ушу-саньда, дзюдо, еркін күрес және т.б). Қазақстан, Азия, Еуропа және әлемнің мықтылары бәсекелесті.

Үш түн ішінде әлемнің 8 үздік файтері бас жүлдеге таласты. Астаналық  Қанат Досмағамбетов жеңіске қол жеткізді.

Басты сөздер: АстанаСпорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
0
0
280