Маңғыстау полицейлері бір адамды құлдықтан босатты
АСТАНА. 9 тамыз. Маңғыстау полицейлері 28 шілде мен 1 тамыз аралығында «STOP-Трафик» жедел алдын алу шарасын жүргізу барысында Өзбекстанның бір азаматын құлдықтан босатты. Бұл туралы «Тумба» хабарлады.Полицейлердің айтуларынша, бұл адамды жергілікті біреу өзінің шаруа қожалығында жұмыс істеуге мәжбүрлеп көндірген. Тәртіп сақшылары оның жай-жапсарын тергеу құпиясы тарап кететін болғандықтан, әзірге құпия ұстап отыр. Осыған орай Қылмыстық кодекстің «Адамды заңсыз бостандығынан айыру» дегенді білдіретін 126-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.Бұдан бірқатар уақыт бұрын Австралиядағы құқық қорғаушылар ұйымы қазіргі заманғы құлдықтың қандай жерлерге тарап жатанын ашып көрсететін зерттеу жұмыстарының деректерін жариялады. Оған 162 мемлекет кірген. Солардың қатарында Қазақстан 85-ші болып тұр. Зе…



