Астанада кәсібін жаңа бастаған азаматтарға грант ұтып алуға мүмкіндік бар
АСТАНА. 11 тамыз. Істің көзін тауып, кәсіппен шұғылданамын деген елордалық азаматтар грант ұтып алу үшін өтінім беруде. Бұл туралы astana.kz хабарлады.
Астана қаласы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы елорда тұрғындарының арасындағы бизнеспен шұғылдануға ниет білдірген, арнайы бөлінген грантты ұтып алуға талаптанған азаматтардан 1 қазанға дейін өтінім қабылдайды.
Байқауға қатыспас бұрын олардың «Бизнес кеңесші», «Бизнес кеңесші-I» және «Жас кәсіпкерлер мектебінен» секілді сындардан өтуі шарт.
Барлық қажетті құжаттар мен байқауға қатысу туралы өтінімді басқарманың Бейбітшілік көшесі-11 мекен-жайында орналасқан 522-кабинетіне қалдыру керек. Басқа да қосымша ақпаратты 55-69-95, 55-69-16, 55-69-21 телефон нөміріне хабарласып білуге болады.
Жолдыбай Базар.
Дереккөз: astana.kz.
Фото: astana.kz.
