Қостанайда қоғамдық тәртіпті бұзған 6 десантшы жауапкершілікке тартылды
ҚОСТАНАЙ. 6 тамыз. Қостанай қаласында әуе десантшылары әскері күні мерекесін атап өткен 6 сарбаз тәртіп бұзғандары үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Тарата айтар болсақ, 2014 жылдың 2 тамызында өздерінің төл мерекесінде жолақты көйлек киген 4 десантшы орталық гүлзардағы субұрқаққа шомылғысы келеді. Сарбаздарға осында кезекшілікте жүрген полицейлер құрылғылары электр тогымен жұмыс істеп тұрған мұндай жерге шомылуға тиым салынғанын білдіретін ескерту тақтайшаны көрсетіп, олардан суға түспеулерін талап етеді. Алайда, арақ ішкен төрт десантшы ескертуді тыңдағысы келмейді. Содан, полицейлер десантшыларды ішімдік ішкенін тексеретін арнайы орынға апарады. Медициналық сараптама олардың едәуір масаң екенін көрсетіп береді. Нәтижесінде, сарбаздар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл төлейді.
Бұдан бөлек, сол күні қауіпсіздік белдігін тартпай көлік жүргізген тағы екі десантшы әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
толығырақ: http://egemen.kz/?p=33663
