Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ақтауда алаяқтардың банкоматтан ақша алуының жолы кесілді

АСТАНА. 5 тамыз. Ақтау қаласының тұрғыны банкоматтағы скиммерді байқап қалып, алаяқтардың бөтеннің ақшасын алып кетпек болған әрекеттеріне кедергі келтірді. Бұл туралы lada.kz хабарлады.

Ақтау ішкі істер басқармасынан хабарланғандай, «Казкоммерцбанктің» клиенті банкоматта тұрған скиммер қондырғысын байқап қалып, алаяқтардың одан ақша алып кетпен болған әрекеттеріне кедергі келтірген. Ер кісі банкоматтан скиммерді көргесін банктың колл-орталығына телефон арқылы хабарласып, болған оқиғаны айтып берген. Оқиға болған жерге келген қауіпсіздік бөлімінің маманы банкоматты тексеріп, полицияға шағым жазған. Банк осыдан кейін облыс орталығындағы барлық банкоматтарда скиммерлік қондырғылардың бар-жоғын тексеруді қолға алған.

толығырақ: http://egemen.kz/?p=33478

 
0
0
242

Осы тақырып бойынша

Ақтауда алаяқтардың банкоматтан ақша алуының жолы кесілді - Yvision.kz