Елордалық полицейлер бір аптада жылдамдықты арттырған 800-ге тарта жүргізушіні анықтады. «Bnews.kz», 12.08.2014ж.
Бір апта ішінде Астанада 6,5 мыңнан аса ЖҚЕ бұзушылығының жолы кесілді, соның ішінде 774 адам жылдамдықты арттырған, деп хабарлайды BNews.kz ІІД ӘПБ-ға сілтеме жасап.
Елордалық Әкімшілік полиция басқармасынан хабарлағандай, өткен аптада жол қозғалысын қадағалау кезінде жол ережесін бұзудың 6,5 мыңнан аса фактісі тіркелді.
«Атап айтар болсақ, 774 факті жылдамдықты арттыруға қатысты, қауіпсіздік белдігін тақпай көлік айдағаны үшін 511 жүргізуші ұсталды, 134 – апат жағдайын тудырғаны үшін, 53 адам көлікті мас күйінде басқарған», - делінген хабарламада.
Бұған қоса, 540-тан аса жаяу жүргінші жол ережесін бұзды.
