«Қазақстан және Британия: бізді не жақындастырады»
Бұл конкурс жайлы 16 қазан күні ғана оқыдым. Шынымды айтсам Yvision.kz блог ашқаныма бір апта да болған жоқ. Бірінші постты осы конкурстан бастамақпын. Бастапқы жазбам жаман емес секілді))). Конкурспен таныса отырып, өмірімде болмаған бірақ болсам деген арман кеудеме ұялаған, «Тұманды Альбион» елі мен кең-байтақ Қазақстанның ұқсастығы жайлы шамам жеткенше жазбақпын. Негізгі кәсібім қазақ тілді журналистпін. Сондықтан болар әр түрлі кәсіп иелерімен жиі сұхбаттасып, түрлі адамдармен жолым түйісіп жатады. Соның ішінде менің есімде қалғаны 2000-2001 жылдары Қазақстанның Ұлыбританиядағы Елшісі болған белгілі қоғам қайраткері Әділ Құрманжанұлы Ахметовпен жасаған сұхбат болды. Төтенше және өкілетті Елші, қоғам қайраткері Әділ Ахметов Ол кісінің 1827 жылы ағылшын ғалымы Шарон Турнер жазған «Сақ п…


