Мазмұнға өту

Жаңа

ФУТБОЛ: Атақты бразилиялық қақпашы 123-голын соқты

Футболдан Бразилия чемпионатының 29- туры аясында өткен «Сан-Паулу» — «Баия» арасындағы матчта алаң қожайындарының қақпашысы Рожерио Сени өзінің кәсіби ғұмырындағы 123-ші голын соқты.

Ойынның 40-шы минутында 41 жастағы қақпашы айып добын дәл орындап, есеп ашқан болатын. Ойында 2:1 есебімен «Сан Паулу» жеңіске жетті.

Айта кетейік, биылғы маусымда Рожерио Сени 8 мәрте қарсыластардың қақпасын дөп көздеді. Ол өз командасының Алешандре Патодан кейінгі (9 доп) екінші сұрмергені болып табылады.

АСТАНА. ҚазАқпарат

0
0
365

Элизабет Тұрсынбаева Францияда өткен халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды

Үстіміздегі жылдың 14-19 қазаны аралығында Францияның Ницца қаласында жастар арасында мәнерлеп сырғанаудан халықаралық турнир өтуде. Аталмыш додада қызылордалық Элизабет Тұрсынбаева  алтын жүлдеге ие болды.

Биылғы жыл ол 4 мәрте халықаралық турнирдің чемпионы атанды, Гран-при жарыстарының күміс және қола жүлдесін еншіледі. Элизабеттің арқасында 4 рет Мемлекеттік әнұранымыз ойналып, 6 рет әлемнің әр елінде көк байрағымыз көтерілді.

Жарысқа 9 мемлекеттен 17 спортшы қатысуда. Элизабет енді 14-19 қарашада Италияның Милан қаласында болатын халықаралық турнирге қатысса, келесі жылдың наурыз айында Эстонияның Таллин қаласында өтетін Әлем чемпионатында бақ сынайды.

   
Басты сөздер: СпортҚызылорда облысы
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат
0
0
263

Г.Головкин мексикалық Марко Антонио Рубионы 2-ші раундта сұлатты

Бүгін АҚШ-тың Калифорния штатының Карсон қаласында WBA (Super) және ІВО нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, 32 жастағы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мексикалық Марко Антонио Рубиомен кездесті. Екінші раундта қазақстандық боксшы мексикалык қарсыласын нокаутқа жіберді. Осылайша, Г.Головкин өзінің кәсіби рингтегі 31-ші жеңісіне қол жеткізді. Есте болса, таяуда ғана ВКонтакте желісіндегі «GGG» тобының парақшасында Г.Головкин: «Ол мен үшін өте маңызды әрі қазір мықты қарсылас. Мен оның жұдырықтасу стилін осыған дейінгі қарсыластарыммен салыстыра алмаймын. Мен үшін мұндай жағдай бірінші рет. Бұл үлкен сынақ. Менің бұл кездесуге дайындығым да өзгеше. Бұл жекпе-жек мүмкін төрешілердің шешімімен аяқталатын шығар және маған осындай кездесу керек. Мен Марко Антонионың ақылды жіг…

0
0
226

Теннис: М.Кукушкин М.Чиличтен жеңіліп қалғанымен, жақсы өнер көрсетті

Теннистен Кремль кубогы үшін халықаралық жарыстың жартылай финалында қазақстандық Михаил Кукушкин хорватиялық, осы турнирдің екінші ракеткасы, биылғы АҚШ ашық чемпионатының жеңімпазы Марин Чиличпен тайталаса білді. Бұған дейін қарсыластар бір-ақ рет кездесіп, онда қазақстандық теннисші жеңіске жеткен екен. Кремль кубогының жартылай финалына үш мәрте шыққан әрі өткен жылғы турнирдің финалисі М.Кукушкин бірінші партияда доп берген кезде М.Чиличтің қатты қарсылығына тап болды. Алайда хорватиялық теннисші сегіз брейк-пойнттың біреуін де пайдалана алмады. Есесіне тоғызыншы геймде М.Кукушкин жалғыз брейк-пойнтты өз есебіне жазды. Одан кейін өзі доп берген кезде де мүмкіндігін қалт жіберген жоқ. Сөйтіп бірінші партияны 6:4 есебімен ұтты. Екінші сет те Михаилдың брейк жасауымен басталды. Алайда о…

0
0
252

«Ой жүйрік» жобасы

Әрбір раундта келбетін өзгертіп тұратын кең де жарық студия, үлкен экрандар, таңқалдырарлық эффектілер. Жүргізуші Нұрсұлтан Құрман ойынның барлық кезеңінен өтті және жауаптарды біледі! Бірақ ең бастысы - жеңімпаздардың көңіл-күйі, қуанышы мен өкініші! Мұндай жоба Қазақстанда бұрын-соңды болмаған! Қызықты да танымдық ерекше шоуды, арнайы телеойынды қалт жіберіп алмаңыздар. Жоба авторлары «Ой жүйрiк» теледидар алдына сізді отбасыңызбен бірге жинайды. бұл жоба сіздің көңіл-күйіңізді көтеріп қана қоймайды, күлуге мәжбүрлейді. Себебі бұл бағдарламада көрермендер мен қатысушыларды ойлануға, қиял ұшқырлығын танытып, жедел ойлауды дамытуға итермелейді. тапсырманың қызық әрі соншалықты күрделілігі сондай жылдам ойлап, тез шешім қабылдау керек. Ал біз ел тарихында айрықша орны бар айтулы тұлғалар м…

0
0
862

«Елбасы айқындаған нақты қадамдар!»

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы "Еркін пікір" жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен "Болашақ" колледжінде "Елбасы айқындаған нақты қадамдар!" тақырыпта студенттер аралық облыстық пікірсайыс турнирі өткізілді. Турнир БПФ, АПФ және ЛД форматтары бойынша жүргізілді. Турнирдің басты мақсаты Елбасының халыққа Жолдауын жастар арасында насихаттау және жастардың көз карасын айқындау болып табылады. Турирге қазақ және орыс лигалары белсене қатысты.Турнирдің қорытындысы:1-орын "Айсберг" фракциясы (Алтайқызы Ақерке, Әбуғали Ерғали) М.Х.Дулати атындағы ТарМУ;2-орын "Талап" фракциясы (Кемелбекова Аружан, Көшербек Еркемай)Байзақ ауданы Н.Ақшабаев атындағы орта мектеп;3-орын "Ойлан, тап" фракциясы (Сапақбаева Аягөз, Бегкулиев Ерболат) М.Х.Дулати атындағы ТарМУ;"Үздік спикер" Алтайқызы Ақерке М.…

0
0
941

«Қарттарға қамқорлық жеткілікті ме?»

1-қазан қарттар күніне орай Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы "Еркін пікір" ЖҚБ, "Нұр Отан" партиясының облыстық филиалының "Жас Отан" Жастар қанаты мен облыстық "Жастар орталығының" ұйымдастыруымен 28 қыркүйек 2014 жылы сағат 09.00-де Т.Рысқұлов атындағы №48 орта мектеп қабырғасында «Қарттарға қамқорлық жеткілікті ме?» тақырыбындағы облыстық оқушылар арасында пікірсайыс турнирі өткізілді. Турнирдің қорытындысы бойынша бірінші орын Т.Рысқұлов ауданынан келген «Ақиқат» тобы, екінші орынды Жуалы ауданынан «Самұрық» тобы, ал үшінші орынды тағы да Жуалы ауданынан келген «Самұрық 2» тобы жеңіп алды. «Үздік спикер» болып Байзақ ауданынан келген Кемелбекова Аружан, «Үздік төреші» Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің студенті Рахымжанов Есімхан болып танылды.


0
0
544

«Қазақстан 2050» — Жастар көзімен!»

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы "Еркін пікіп" жастар қоғамдық бірлестігі мен Байзақ ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің "Жастар орталығы" КММ-ның ұйымдастыруымен 2014 жылдың 12 қазан күні Байзақ ауданы, Қызыл жұлдыз ауылы, Н.Ақшабаев атындағы орта мектеп қабырғасында тақырыбында оқушылар арасында облыстық пікірсайыс турнирі өткізілді. Турнир мақсаты мектеп оқушыларына Елбасы Н.Назарбаевтың халыққа Жолдауын насихаттау, пікірсайыс ойындарын дамыту және Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының әлеуметтік тапсырысын іске асыру болып табылады. Турнирінің қорытындысы бойынша төмендегідей нәтиже көрсетілді:1-орын "Самұрық 1" фракциясы Жуалы ауданы2-орын "Самұрық" фракциясы Жуалы ауданы3-орын "Талап" фракциясы Байзақ ауданы"Үздік спикер" номинациясымен Диера Юлдашев…

0
0
1098

Солтүстік Қазақстанда қаржы полицейін өлтіргендерге қатысты сот үкімі шықты

Солтүстік Қазақстанда қаржы полицейін өлтіргендерге қатысты сот үкімі шықты. Естеріңізге сала кетейік, Жандос Ахметов өткен жылдың аяғында өз үйіне кіре берісте жалдамалы жендеттің қолынан қаза тапқан еді. Сот барысында айыпталушылар жауаптарын қанша ауыстырса да, судьяның соңғы сөзі өзін көп күттірген жоқ. 36 томнан тұратын іс 2 айда қаралып шықты. Бастапқыда күдіктілер Жандос Ахметовты бастығымен шатастырып өлтіріп алдық десе, кейіннен қылмысты ұйымдастырушы Джамалдиев жаңылмағанын айтып, тапсырыс ағасынан түскенін мәлімдеді. Айта кетейік, көптің көкейіндегі осы сұрақ бөлек қаралатын болады. Ал бүгін қандықол қаскөйлердің қылмыстары дәлелденіп, Джамалдиев 24 жылға, Ахметовты атқан Ковалев 22 жылға, ал қару-жараққа жауап берген Хукиев 5 жылға сотталды. Үшеуі де жазаларын қатаң тәртіптегі…

3
0
737

«Жастар демократиялық ұстанымдар үшін күреседі!»

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы "Еркін пікіп" жастар қоғамдық бңрлестігінің ұйымдастыруымен 3 қазан 2014 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің 6.1 ғимаратының 202 аудиториясында «Жастар демократиялық ұстанымдар үшін күреседі!» тақырыбында «дөнгелек үстелін» отырысы өткізілді. Іс-шараның мақсаты: Жастардың саяси-құқықтық сауаттылығын арттыру. Олардың бойында демократиялық құндылықтарды қалыптастыру. Сонымен қатар, ТарМУ-нің Заң факултетінің оқытушылары мен жастардың саяси белсенділігінарттыру және олардың өз пікірлерін, азаматтық ұстанымдарын толық жеткізе білуге баулу. Іс-шараға облыс пікірсайысшылары, атқарушы орган өкілдері қатысты.


0
0
470