Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қызылорда облысы ішкі істер департаментінің автопаркі 50 темір тұлпармен толықты

Тәртіп сақшыларының  қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алып,  қоғамдық тәртіпті нығайтып және жедел іс-әрекеттерді жүзеге асыру үшін бес қаруының сай болуы аса маңызды. Қазіргі таңда облыстағы тыныштық пен тәртіпті сақтап отырған ішкі істер органдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуда  облыс  басшылығы жан-жақты жағдай жасап, қолдау көрсетіп келеді. Биылдың өзінде  облыс әкімінің қолдауымен жергілікті бюджет есебінен Қызылорда облысы Ішкі істер департаментінің сыртқы қызмет салаларына жалпы 184 млн. 588 мың теңге бөлінген болатын. Бөлінген қаржыға 50 дана «УАЗ-31519» шассиіндегі арнайы патрульдік автокөліктер, 36 дана автокөліктегі транкингтік радиостанциялар және 50 дана бейнетіркеуіштер сатып алынып, салтанатты түрде табысталды. Қазан айының 17 күні Тағзым алаңында өткен салтанатты шараға Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев арнайы келіп, сап түзеген қызылордалық полицейлерге жоғарыда аталған автокөліктердің кілтін табыс етті.

Салтанатты шара барысында аймақ басшысы кез келген аймақтың даму деңгейі оның қоғамдық тәртібінің тұрақтылығымен және азаматтардың құқығын қамтамасыз етуімен анықталатынын баса көрсетті. Қоғамдық тәртіпті сақтауда, қылмыспен күресте полиция қызметкерлерінің аянбай еңбек етіп жүргенін көрсетіп, бүгінгі көрсетілген қолдау олардың халық алдындағы міндеттерін еш кедергісіз, адал орындауларына оң әсерін тигізетініне сенім білдірді.

Одан кейін сөз тізгінін Қызылорда ОІІД Ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Пейсов алып, облыс әкіміне Ішкі істер органдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға қосқан орасан зор үлесі үшін алғысын білдірді. Полицейдің  қызметіндегі ең басты көрсеткіш – азаматтардың сенімі. Осыған орай, тәртіп сақшылары халықтың, облыс басшылығының артқан сенімін ақтауға бар күш-жігерлерін жұмсайтындарын баса көрсетті.

Автокөлік кілтін табыстау рәсімі одан әрі салтанатты шеруге ұласты. Ішкі істер органдарының жеке құрамының шеруін су жаңа қызметтік көліктердің шеруі жалғастырды.

 

Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі

 
0
0
347

Осы тақырып бойынша

Қызылорда облысы ішкі істер департаментінің автопаркі 50 темір тұлпармен толықты - Yvision.kz