Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Аңыз адам» Назарбаев университеті cтуденттерімен кездесті

Жақында марафоншы, Гиннестің рекордтар кітабының жеті дүркін рекордшысы және Азияның, Африканың, Австралия мен Американың барлық ірі шөл далаларын жалғыз жүгіріп өткен әлемдегі жалғыз адам Марат Жыланбаев Қазақстанның жетекші жоғары оқу орны– Назарбаев университеті студенттерімен кездесті.

Бұл іс-шара – қазақстандық марафоншының Астана, Алматы, Қарағанды қалаларында ЖОО-да оқитын жас ұрпақпен өткізген бірнеше кездесуінің бірі. Кездесу кезінде студенттер қиындықтармен қалай күресу керектігін, бір орында тоқтап қалмай, адамдардың өмірін одан сайын қалай жақсырақ ету жайында Марат Жыланбаевтың өз аузынан естіді.

Кездесу барысында «Kaspi Bank» АҚ Атқарушы директоры Маржан Елшібаева банктің өзінің қажырлы еңбегінің арқасында керемет жетістіктерге жеткен қарапайым қазақстандықтар жайлы әңгімелер циклының тұңғыш кейіпкері Марат Жыланбаев болғанын атап өтті.

«Бұл адамдар қазір де жанымызда жүр. Олардың әрқайсысы мүмкіндіктер көкжиегін кеңейте отырып, «жоқ» деген сөзге қарсы тұрып, қажырлы еңбегінің арқасында зор нәтижелерге қол жеткізген. Жақсы жағына өзгеру, бірінші кезекте, өзімізден басталатынына сенімдіміз», - деді ол марафоншыны таныстырғанда.

Марат Сарань және Қарағанды қалаларындағы балалар үйінде тәрбиеленді, Екібастұзда өмір сүріп, жаттықты. Қазір Астана қаласында тұрады. Біздің кейіпкеріміз талмай жаттықты, өзгерді, оның күш-қуаты артты. Марат қол жеткізе алмайтын ештеңе жоқ екенін өзіне де, басқаларына да дәлелдей білді. Гиннестің кітабына енгізілген оның рекордтарын жақсартпақ түгілі, оларды әлі күнге дейін бірде-бір адам қайталай алмады.

Кездесу Kaspi bank-тің «Қаһармандар kaspi-мен бірге» атты жарнамалық кампаниясы аясында ұйымдастырылды. Аталған кампанияның басты мақсаты-қоғамда өз күшімен ерекше жетістікке жеткен адамдарды насихаттау. «Марат нағыз үлгі болатын адам, оның айтқандарын тыңдап отырып, өмірдің қиын кезеңдеріне төзе білу керектігін, сол арқылы жетістікке жетуге болатынын түсінесің» дейді студенттер.

Марат Жыланбаев марафоншы, марафоншы, жүгіруден халықаралық дәрежедегі спортшы. Павлодар облысының Баянауыл ауданында туған. «Гинестің рекордтар кітабына» жеті мәрте тіркелген. Негізгі мамандығы - суретші. Жыланбаев 12 жасынан жеңіл атлетикамен, велосипедпен, шаңғы спортымен айналысқан. 1990 жылдан өте алыс қашықтықтарға жүгіруді (марафондық жүгіріс) бастап, сол жылы Ресейдің Барнауыл қаласында 85 шақырымды 6 сағат 43 минут 23 секундта жүгіріп өткен. Рекордтар кітабына енуі 23 күнде 23 марафондық жүгірісімен (күніне 42 шақырым 195 метр) басталды. Кейін 15 күнде 30 марафондық, жарты жылда 75 марафондық және бір жылда 226 марафондық жүгіріспен жалғастырды. Еуропаның ең биік шыңы - Эльбрусқа (5642 метр) марафондық жүгіріспен 7 күнде шықты. 20 күнде ұзындығы 1200 шақырымдық Қарақұм, 24 күнде Африкадағы қашықтығы 1700 шақырымдық Сахара шөлдерін кесіп өткен. Сол жылы Австралиядағы Виктория шөлін кесіп өтсе, 1994 жылы АҚШ-тың Невада штатындағы үстінен құс ұшпайтын Мохави шөліне жорық жасап, оны сәтті аяқтады. Әлемдегі ең санаулы спортшылардың бірі.

Суреттер e-event.kz және kaspi.kz сайттарынан алынды.

0
0
1317

Осы тақырып бойынша

«Аңыз адам» Назарбаев университеті cтуденттерімен кездесті - Yvision.kz