Қырықтың бірі...
Бұл оқиғаны маған сонау, Ақбастау ауылында артта қалған бала күндерімдегі қыстың ұзақ түндерінің бірінде нағашы әжем Күләш айтып беріп еді. Мән-жайын жете түсінбесем-де, бала кездегі көргенің мен естігеніңді заматында қағып алар жадтың арқасында әңгіме көкейімде әлі сайрап тұр. Бұл оқиға ауданымыздағы Кеңес ауылында орын алған екен. Шамасы қазір жасы жетпістен асып кеткен әжемнің әкесі, кезінде молда болған Аймахамбет атамыздың жастау кезінде болғанға ұқсайды. Қазақ рухының қазығы болған ауыз әдебиетінің мықтылығының өзі осында ғой, қаншама жыл бұрын болған оқиға, ауыздан ауызға тарап осы күнге жетіп отыр. Хош сонымен, әңгімемізді бастасақ ауылда жағдайы жұрт қатарлы, бірақ жұмыртқадан жүн қырыққан, қыңырлау бір кісі болған екен. Бірақ ел іші алтын бесік, ауыл арасы емес пе, ағайындары он…
