Мазмұнға өту
TimurBeknur

Темірлан

@TimurBeknur

Сайтта 2014 ж. 17 қазанКазахстан, Астана

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

6

пікірлер

0

тіркелуші

0

жазылымдар

0

Шымкентте Kaspi Red клубы іске қосылды

Шымкент тұрғындары үшін жағымды жаңалық! Kaspi Шымкентте бөліп төлеуге сатып алғанды, бонус алғанды жақсы көретіндерге арналған Kaspi Red бірегей клубын іске қосты. «Біздің сүйікті клиенттерімізден Kaspi Red туралы таңқалысқа толы көптеген пікірлер келіп түсуде,-дейді Kaspi Bank басқарма төрағасы Михаил Ломтадзе — Kaspi Red клубының қатысушыларына әсіресе қаладағы ең үздік дүкендерден тиімді сауда жасаған ұнайды. Kaspi Red-тің көмегімен бөліп төлеу шартымен жасалған сауда пайызсыз, комиссиясыз және артық төлемсіз. Және әрбір сатып алу кезінде біз бонус сыйлаймыз». Kaspi Red клубының Шымкентте 100-ден астам серіктес дүкені бар. Kaspi Red серіктестерінің қатарында DeFacto, Intertop, MEXX, LC Waikiki, Kimex, Mon Amie, Ecco, Аlser, Meloman-MARWIN және басқа да танымал брендтерді көруге болады…

1
0
828

Бөліп төлеңіз! Kaspi Red клубының таныстырылымынан

Жылда бір өнімді таныстыратын Kaspi Bank биыл да үнсіз қалмады. 19 тамыз күні кешке Алматыдағы Ritz Carlton қонақ үйіне банк 100-ден астам журналистер, ірі сауда үйлерінің басшылары, медиа мен бизнестегі, қаржы саласындағы танымал тұлғаларды жинады. Kaspi-дің Басқарма төрағасы жылдағы әдетінен жаңылған жоқ. Қызыл кроссовка, қара жейде, джинсы киген Михаил Ломтадзе сахнаға шыққан сәттен шара басталғаны белгілі болды. Михаил Ломтадзеннің қағазға қарамайтын әдеті бар. Бұл жолы да солай болды. Амандасқан соң, біздің 4 миллион клиентімізге екі тамаша жаңалығымыз бар деп хабарлады. Залдағы қауым бұл тамаша жаңалықтарды естіп үлгерген ба, ду қол соқты. Сонымен... №1 жақсы жаңалық: Kaspi ГИД Михаилдың айтуынша «Kaspi ГИД - мыңдаған сұрақтарға жауап беретін қызмет». Шыны керек қазір банктердің ара…

1
0
10112

Енді «Ситуативный казахский» кітабын интернеттен оқи аламыз

Қанат Тасыбековтың «Ситуативный казахский» кітабының электронды нұсқасы шықты. Бұл туралы бүгін Алматыдағы Ұлттық кітапханада арнайы өткен баспасөз мәслихатында айтылды. Мәслихат барысында Қанат Тасыбеков кітаптың электронды нұсқасы Kaspi Bank-тің қолдауымен жарық көргенін айтты. Банк өкілдерінің айтуынша аталған кітап қазақтың болмасы мен рухани, тұрмыстық тіршілігі туралы айта отырып, тілді үйренуді жаңа қырынан көрсеткен. Сондықтан алғашқы томы шыққан күннен бастап қазақша үйренгісі келгендер арасында сұранысқа ие. Бірақ кітап нұсқасының барлығына жетуі мүмкін емес. Сатып алуға мүмкіндігі жоқтар да бар. Әрі қазір көпшілік онлайн оқығанды жөн көреді. Осы себептерді ескеріп банк басшылығы көпшілікке кітаптың электронды нұсқасын оқуға мүмкіндік бергенді жөн көрген. «Kaspi Bank» АҚ атқаруш…

1
0
563

Отбасылық бюджетті басқаруды ұялы байланыс шығынын есептеуден бастаңыз

«Қаржылық сауаттылық» тақырыбы бойынша Forbes-ке материалдар жазып жүрмін. Тұңғыш қазақ тіліндегі материалдар шығып жатыр әйгілі журналға. Журналистикадан қол үзгелі біраз болды. Әрі негізгі жұмысым тым қарбалас. Бірақ, сонда да жазбалар қызық болуы үшін барыңды салуға тура келеді. Деректерді, кейіпкерлердің қызық оқиғаларын іздеп, салыстырып, зерттеуге біраз уақыт кетеді. Жақында үшінші жазбам жарыққа шықты. Онда жұмысы, жалықысы бірдей, бірақ бірінің тұрмысы жақсы, бірі сәл нашарлау екі адамның өмірін салыстырып, екіншісінің ақшасы айдың соңына дейін неге жетпей қалатынын қарастырып көрдім. Қызығы оның басты шығындарының бірі — ұялы байланыс болып шықты. Біздің кейіпкеріміз көрші кабинетіндегі құрбысына ұялы телефонмен хабарласып, түске дейін кемінде 30, түстен кейін 30 минутын әр нәрсе…

0
0
608

«Аңыз адам» Назарбаев университеті cтуденттерімен кездесті

Жақында марафоншы, Гиннестің рекордтар кітабының жеті дүркін рекордшысы және Азияның, Африканың, Австралия мен Американың барлық ірі шөл далаларын жалғыз жүгіріп өткен әлемдегі жалғыз адам Марат Жыланбаев Қазақстанның жетекші жоғары оқу орны– Назарбаев университеті студенттерімен кездесті. Бұл іс-шара – қазақстандық марафоншының Астана, Алматы, Қарағанды қалаларында ЖОО-да оқитын жас ұрпақпен өткізген бірнеше кездесуінің бірі. Кездесу кезінде студенттер қиындықтармен қалай күресу керектігін, бір орында тоқтап қалмай, адамдардың өмірін одан сайын қалай жақсырақ ету жайында Марат Жыланбаевтың өз аузынан естіді. Кездесу барысында «Kaspi Bank» АҚ Атқарушы директоры Маржан Елшібаева банктің өзінің қажырлы еңбегінің арқасында керемет жетістіктерге жеткен қарапайым қазақстандықтар жайлы әңгімеле…

0
0
1315