Мазмұнға өту

Жаңа

«Айтватрм», «жазватрм» — әлеуметтік желідегі қазақ тілінің сиқы осы

Бүгінде әлеуметтік желіні күнделікті өмірінде пайдаланбайтын адам кемде-кем. Әсіресе, жас толқын өкілдері түгелдей дерлік осы бір жіпсіз желіге көрінбей ноқталанғанын ешкім жоққа шығармаса керек. Аман-сәлемді агенттен бастап, әңгіме пісіруді фейсбукте жалғастыратынымыз өз алдына, вацап, твиттер арқылы видео, фото лақтырып әуреге түсіп жатамыз. Былай қарасаң, қызықтың қызығы екеніне талас жоқ. Күнделікті өмірдегі маңызды, қоғамдық ортада пкірталас тудыратын оқиғаларға қатысты өз ойыңды ашық білдіруге әлеуметтік желілердің пайдасы тиіп-ақ тұр. Алысты жақын ететін, белгілі адамдарды бұрынғыдан да жақсы біле түсуге оның көмегі зор. Бірақ, осы бір әлеуметтік желінің әуресі уақытымызды білдіртпей ұрлайтын қас жауымыз екенін де естен шығаруға болмайды. Рас, бұл жөнінде аз талқыланып жатқан жоқ.…

0
0
343

Сандар сөйлейді: тілдер жайында деректер

• Әлемде мөлшермен 6300 тіл бар: Еуропа мен Таяу Шығысты қоса есептегенде – 275 тіл (4%), екі Америкада – 900 (15%), Африкада – 1900 тіл (31%), Азия мен Тынық мұхитында – 3000 тіл (50%). • Ең тілге бай елдер: Папуа – Жаңа Гвинея – 850 тіл, Индонезия – 670 тіл, Нигерия – 410 тіл, Үндістан – 380 тіл, Камерун – 270, Австралия – 250, Мексика – 240, Заир – 210 тіл. • Бұл 13 мемлекетте 100-ден 160-қа дейін тіл бар: Бирма, Қытай, Малайзия, Непал, Жаңа Гебрид аралдары, Ресей, Судан, АҚШ, Танзания, Филиппин, ОрталықАфрика мемлекеті, Чад, Эфиопия. • Жер бетінде 41 806 диалект түрі бар көрінеді. • Жер шарындағы 6000 тіл 170 мемлекетке тиесілі: 45 мемлекет ресми түрде ағылшын тілін қолданып отыр, 30 мемлекет – француз тілін, 20 мемлекет – испан тілін, 20 мемлекет – араб тілін, 6 мемлекет – португалті…

0
0
903

Орыстілділерге деген көзқарас өзгеруі тиіс

2009 жылғы санақ бойынша, Қазақстанның 74% мемлекеттік тілді түсінетін, ал 62% қазақ тілін емін-еркін сөйлейтін болған. Статистикалық агенттіктің жасаған сауалнамасы бойынша қазақтардың 98,4% қазақ тілін ауызекі тілде түсінетін, ал 2,3% еркін оқи алатын, 93,2% еркін оқитын және жаза алатын болған. Бұған сенсек, мемлекеттің тілдік көрінісі тұрақты біртілді сипатта болуы керек еді. Алайда бұлай емес екені айдан анық. Онда "Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында" бекітіліп жоспарланғандай 2020 жылға дейін мемлекет халқының 95%-ын қазақ тілінде сөйлетудің еш қажеттілігі жоқ та еді ғой. Бірақ бұл сандар мен коэффициенттер жалған ғой. Қоғам қайраткері Амангелді Айталының айтуынша, бұл сандардың пайда болуында этнопсихологиялық фактор жатқанын айта…

0
0
324

Мәңгілік Еліміздің Мәңгілік тілі

Анамның тілі – ардақтым менің! Сен менің кішкентай кезімде әкем болып маңдайымнан сипап, өмірдің тілін ұқтыра бастап едің-ау! Тіпті мойныңа отырғызып қуантқаның, шаттыққа бөлегенің әлі есімде. Дәстүр салтымды бойыма сіңіре ат үстінде алдыңа алып, мені көкке секірткенің бүгінде жадымда. Сенің шашасына шаң жұқтырмас шын жүйрік екеніңді сол кезде-ақ сезінгенмін. Мынау жусан иісі аңқыған дархан далада жел болып кекілімнен сипағаныңды айтсайшы! Сенен өткен жұмсақ, сенен өткен жайлы болар ма деп тамсанғанмын сонда. Ана тілім менің, бір өзің ғана мынау жарық дүниеге мән берген жарқын жүзді анам болып омырауыңа басқансың. Сонда мен көкірегіңе жабысып, төсіңнен ақ сүтіңді емірене емгенмін. Дидарыңнан ерінің намысы мен елінің аруағын биік қойған алып күшті сезінгенмін. Әзәзіл атаулыдан аласталған а…

0
0
836

Месси спорттық мансабын қай клубта аяқтайды?

Әлемді талантымен мойындатқан аргентиналық сұрмерген Лионель Месси спорттық мансабын қай клубта аяқтауы мүмкін? Бұл сұраққа футболшының әкесі Хорхе Месси мүмкіндігінше жауап беріпті, деп жазады massaget.kz.

Ала допты ұршықа иірген тұлғаның әкесі ұлының агенті (футболшыға өзге клубтың ұсынысы мен ауысуын қадағалайды) қызметін де атқарады. Хорхенің айтуынша, Лионель Месси спорттық мансабын каталондық клубта аяқтамауы бек мүмкін екен.

- Менің ұлым «Барселонаны» жанындай жақсы көреді. Бірақ, өмірде бәрі бір сәтте өзгеріп кетуі мүмкін. Алдын-ала кесіп айтуға болмайды. Ол «Росарио» мен «Ньюэллс Олд Бойз» клубтарын да жақсы көреді. Бәлкім, осы клубтардың бірінде бутсысын шегеге ілер. Бәрін уақыт көрсетеді, — деді Хорхе Месси.

 

Басты сөздер: ӘлемСпорт

АСТАНА. ҚазАқпарат

0
0
290

Қызылордада теннистен республикалық турнир өтті

Қызылорда қаласында «Нұрсәт» теннис орталығының жүлдесі үшін 14 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында теннистен ашық республикалық турнир өтті. Мақсат — жасөспірімдерді спортқа баулып, салауатты өмір салтын насихаттау. Осымен төртінші мәрте ұйымдастырылған жарысқа Алматы қаласы, Алматы, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Қызылорда облыстарынан 6 команда қатысты. Олар бес күн бойы өзара бәсекеге түсті. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. Ұлдар арасында қызылордалық спортшылар жақсы нәтиже көрсетті. Атап айтсақ, Мұхтар Сейітқасымов алтыннан алқа тағынса, Елжас Сағынай күміс жүлдені, Арман Кенжебек қола жүлдені еншіледі. Ал қыздар арасында Дана Исабаева (Алматы обл.) жеңіс тұғырына көтерілді. Екінші, үшінші орындарды Ләйлә Меңдиярова (Қ…

0
0
541

Шымкенттегі жарыста солтүстікқазақстандықтар Қазақстан Кубогін жеңіп алды

Шымкентте 11-15 қазан аралығында Қазақстан Кубогі үшін велоспорттан жарыс өтті. Барлық дисциплиналарда солтүстікқазақстандық велоспортшылар үздік болып танылды, деп хабарлайды Қазақстанның велоспорт федерациясынан.

Барлығы жарысқа республиканың 10 аймағынан, Алматы мен Астана қалаларынан 70 спортшы қатысты.

20 шақырымға жеке жарыста Степан Астафьев жеңімпаз атанды, ал 40 шақырым критериумын Тарас Воропаев жеңіп алды.

Виктор Окишев, Олег Земляков, Тарас Воропаев пен Степан Астафьев 40 шақырымдық командалық жарыста үздік атанды. Вадим Галеев 102 шақырымдық топтық жарыста озық шықты.

АСТАНА. ҚазАқпарат
0
0
231

Теннис: М.Кукушкин Кремль кубогының ширек финалына шықты

Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин бүгін Кремль кубогы үшін халықаралық жарыстың екінші айналымында итальяндық Фабио Фоньинимен кездесті.

М.Кукушкин бұл ойынын да сәтті өткізіп, осы турнирдің төртінші ракеткасын 6:4, 6:2 есебімен екі партияда ұтты. Михаил үш рет эйс жасап, 11 брейк-пойнттың бесеуін өз пайдасына жазды.

Жартылай финалға шығу үшін М.Кукушкин осы жарыстың жетінші ракеткасы, ресейлік Михаил Южный мен аргентиналық Хуан Монаконың қай жеңгенімен кортқа шығады.

Еске сала кетейік, өткен жылы қазақстандық теннисші Кремль кубогының финалына дейін жеткен болатын.

 
Басты сөздер: Спорт
ОРАЛ. ҚазАқпарат
0
0
163

Геннадий Головкин: «Котто, Альварес және кіші Чавеспен жекпе-жекке шықсам деймін»

WBA нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин алда өтетін Марко Антонио Рубиомен  жекпе-жектен басқа үш қарсылас — WBC  чемпионы орта салмақтағы Мигел Коттомен, бұрынғы әлем чемпионы орта салмақтағы кіші-Хулио Сезар Чавеспен және бірінші орта салмақтағы экс-чемпион Саул Альвареспен кездескісі келетінін мәлімдеді.

Бұл туралы sports.kz хабарлады.

«Бүгінгі таңда мен жарқыраған жұлдыз саналмаймын. Тек WBA және  IBO нұсқасы бойынша ғана чемпионмын. Марко Антонио Рубио қазір мен үшін мықты қарсыласқа жатады. Ол WBC уақытша чемпионы. Келешекте PPV жүйесі бойынша Мигел Коттомен, Канело Альвареспен және кіші Чавеспен жекпе-жекте бақ сынағым келеді», — дейді Головкин.

   
Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
0
0
293

Қайрат Мәми Қарағанды облыстық сотының жаңа төрағасы Мұсабек Тұрғынбекұлы Әлімбековті ұжымға таныстырды

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Қайрат Мәми Мемлекет басшысының 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Жарлығымен тағайындалған Қарағанды облыстық сотының жаңа төрағасы Мұсабек Тұрғынбекұлы Әлімбековті ұжымға таныстырды.

http://sud.gov.kz/kaz/news/kayrat-mmi-karagandy-oblystyk-sotynyn-zhana-toragasy-musabek-turgynbekuly-limbekovti-uzhymga

0
0
477