Адольф Янушкевичтің өмірі бір-біріне ұқсамайтын екі кезеңнен тұрады: біріншісі 1831 жылға дейінгі кезең – өз отанында өмір сүрген уақыты, екінші – 1831 жылдан кейінгі кезең, осы кезде ол ұлт-азаттық көтерілске қатысқаны үшін тұтқындалып, кезең-кезеңмен Брест, Мәскеу, Вятка, Киевке жіберілген болатын.Киевте 1832 жылдың 3 наурызында сот шешімімен Адольф Янушкевич дворяндық атақтан айырылды, мүлкі тәркіленіп, Сібірге айдалды. 1833 жылдың мамырында ол – Тобольскіде, ал дәл осы жылдың 10 желтоқсанында Ишим уезінің Желяково ауылына жіберілді. 1835 жылы оған Ишим қаласына орналасуға рұқсат берілді. Осы кезде бұл қалада айдауға түскен поляктар жиналып қалған еді. Ол осы қалада айдауға түскен ақын-романтик Густав Зелинскиймен кездесті. Олардың әңгімесі жарасып, қимас досқа айналды. Бірақ көп ұзама…