«Елбасы айқындаған нақты қадамдар!»
Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы "Еркін пікір" жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен "Болашақ" колледжінде "Елбасы айқындаған нақты қадамдар!" тақырыпта студенттер аралық облыстық пікірсайыс турнирі өткізілді. Турнир БПФ, АПФ және ЛД форматтары бойынша жүргізілді. Турнирдің басты мақсаты Елбасының халыққа Жолдауын жастар арасында насихаттау және жастардың көз карасын айқындау болып табылады. Турирге қазақ және орыс лигалары белсене қатысты.
Турнирдің қорытындысы:
1-орын "Айсберг" фракциясы (Алтайқызы Ақерке, Әбуғали Ерғали) М.Х.Дулати атындағы ТарМУ;
2-орын "Талап" фракциясы (Кемелбекова Аружан, Көшербек Еркемай)
Байзақ ауданы Н.Ақшабаев атындағы орта мектеп;
3-орын "Ойлан, тап" фракциясы (Сапақбаева Аягөз, Бегкулиев Ерболат) М.Х.Дулати атындағы ТарМУ;
"Үздік спикер" Алтайқызы Ақерке М.Х.Дулати атындағы ТарМУ;
"Үздік төреші" Ұлтанбаев Арнат "Еркін пікір" ЖҚБ

