Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Солтүстік Қазақстанда қаржы полицейін өлтіргендерге қатысты сот үкімі шықты

Солтүстік Қазақстанда қаржы полицейін өлтіргендерге қатысты сот үкімі шықты. Естеріңізге сала кетейік, Жандос Ахметов өткен жылдың аяғында өз үйіне кіре берісте жалдамалы жендеттің қолынан қаза тапқан еді. Сот барысында айыпталушылар жауаптарын қанша ауыстырса да, судьяның соңғы сөзі өзін көп күттірген жоқ. 36 томнан тұратын іс 2 айда қаралып шықты. Бастапқыда күдіктілер Жандос Ахметовты бастығымен шатастырып өлтіріп алдық десе, кейіннен қылмысты ұйымдастырушы Джамалдиев жаңылмағанын айтып, тапсырыс ағасынан түскенін мәлімдеді. Айта кетейік, көптің көкейіндегі осы сұрақ бөлек қаралатын болады. Ал бүгін қандықол қаскөйлердің қылмыстары дәлелденіп, Джамалдиев 24 жылға, Ахметовты атқан Ковалев 22 жылға, ал қару-жараққа жауап берген Хукиев 5 жылға сотталды. Үшеуі де жазаларын қатаң тәртіптегі түрмеде өтейтін болады. Айта кетейік, облыстық соттың ұйымдастыруымен сот тергеу абақтысына ауыстырылып, үкім де осы жерде шығарылды. Мұнда БАҚ-тың жұмыс істеуіне барлық жағдай

Ссылка на видео
 
3
0
728

Осы тақырып бойынша