«Қарттарға қамқорлық жеткілікті ме?»
1-қазан қарттар күніне орай Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы "Еркін пікір" ЖҚБ, "Нұр Отан" партиясының облыстық филиалының "Жас Отан" Жастар қанаты мен облыстық "Жастар орталығының" ұйымдастыруымен 28 қыркүйек 2014 жылы сағат 09.00-де Т.Рысқұлов атындағы №48 орта мектеп қабырғасында «Қарттарға қамқорлық жеткілікті ме?» тақырыбындағы облыстық оқушылар арасында пікірсайыс турнирі өткізілді. Турнирдің қорытындысы бойынша бірінші орын Т.Рысқұлов ауданынан келген «Ақиқат» тобы, екінші орынды Жуалы ауданынан «Самұрық» тобы, ал үшінші орынды тағы да Жуалы ауданынан келген «Самұрық 2» тобы жеңіп алды. «Үздік спикер» болып Байзақ ауданынан келген Кемелбекова Аружан, «Үздік төреші» Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің студенті Рахымжанов Есімхан болып танылды.

