Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Қазақстан 2050» — Жастар көзімен!»

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы "Еркін пікіп" жастар қоғамдық бірлестігі мен Байзақ ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің "Жастар орталығы" КММ-ның ұйымдастыруымен 2014 жылдың 12 қазан күні Байзақ ауданы, Қызыл жұлдыз ауылы, Н.Ақшабаев атындағы орта мектеп қабырғасында тақырыбында оқушылар арасында облыстық пікірсайыс турнирі өткізілді. Турнир мақсаты мектеп оқушыларына Елбасы Н.Назарбаевтың халыққа Жолдауын насихаттау, пікірсайыс ойындарын дамыту және Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының әлеуметтік тапсырысын іске асыру болып табылады. Турнирінің қорытындысы бойынша төмендегідей нәтиже көрсетілді:
1-орын "Самұрық 1" фракциясы Жуалы ауданы
2-орын "Самұрық" фракциясы Жуалы ауданы
3-орын "Талап" фракциясы Байзақ ауданы
"Үздік спикер" номинациясымен Диера Юлдашева - Тараз қаласы №51 орта мектеп

 
0
0
1091

Осы тақырып бойынша

«Қазақстан 2050» — Жастар көзімен!» - Yvision.kz