Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

«Ой жүйрік» жобасы

Әрбір раундта келбетін өзгертіп тұратын кең де жарық студия, үлкен экрандар, таңқалдырарлық эффектілер. Жүргізуші Нұрсұлтан Құрман ойынның барлық кезеңінен өтті және жауаптарды біледі! Бірақ ең бастысы - жеңімпаздардың көңіл-күйі, қуанышы мен өкініші! Мұндай жоба Қазақстанда бұрын-соңды болмаған!

Қызықты да танымдық ерекше шоуды, арнайы телеойынды қалт жіберіп алмаңыздар. Жоба авторлары «Ой жүйрiк» теледидар алдына сізді отбасыңызбен бірге жинайды. бұл жоба сіздің көңіл-күйіңізді көтеріп қана қоймайды, күлуге мәжбүрлейді. Себебі бұл бағдарламада көрермендер мен қатысушыларды ойлануға, қиял ұшқырлығын танытып, жедел ойлауды дамытуға итермелейді. тапсырманың қызық әрі соншалықты күрделілігі сондай жылдам ойлап, тез шешім қабылдау керек.  Ал біз ел тарихында айрықша орны бар айтулы тұлғалар мен танымал актерлер, музыканттар, спортшыларды  жақсы танимыз.

«Ой жүйрiк» жеңімпаздарының да жұлдыз болып шыға келетініне еш шүбәңіз болмасын. Хабардың көрермендері олармен бірге 4 күрделі сынақ кезеңінен өтеді. 90 сұрақ суретпен бірге, шектеулі мерзім, түрлі қиындықтарға толы 4 раунд, бәсекелестік мен керемет үйлесімін тапқан жүргізушілік. Әрбір қатысушы - керемет тұлға, бірақ тек тек білімді, өресі биік, тығырықтан шығар жолды тосыннан қиыстыра тауып, батыл шешім қабылдаудан тартынбайтын тәуекелшіл адамдар ғана үздік атанады.

«Ой жүйрік» бағдарламасын Хабарда жексенбі күні 17:20-да тамашалаңыз.

0
0
845

Осы тақырып бойынша

«Ой жүйрік» жобасы - Yvision.kz