«Жастар демократиялық ұстанымдар үшін күреседі!»
Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы "Еркін пікіп" жастар қоғамдық бңрлестігінің ұйымдастыруымен 3 қазан 2014 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің 6.1 ғимаратының 202 аудиториясында «Жастар демократиялық ұстанымдар үшін күреседі!» тақырыбында «дөнгелек үстелін» отырысы өткізілді. Іс-шараның мақсаты: Жастардың саяси-құқықтық сауаттылығын арттыру. Олардың бойында демократиялық құндылықтарды қалыптастыру. Сонымен қатар, ТарМУ-нің Заң факултетінің оқытушылары мен жастардың саяси белсенділігінарттыру және олардың өз пікірлерін, азаматтық ұстанымдарын толық жеткізе білуге баулу. Іс-шараға облыс пікірсайысшылары, атқарушы орган өкілдері қатысты.


