Мазмұнға өту

Жаңа

Волейболдан БҚО чемпионатында Зеленов ауданы озық шықты

Волейболдан ерлер командалары арасында БҚО чемпионаты мәреге жетті. БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, жарысқа барлығы 10 команда қатысып, екі топқа бөлініп, күш сынасты. Әр топтан екі командадан жартылай финалға шықты. Онда Зеленов ауданы командасы қазталовтықтарды, жәнібектіктер бөрліліктерді тізе бүктірді. Финалда зеленовтықтар жәнібектіктерді ұтып, жеңімпаз атанды. Қазталов ауданы командасы үшінші орынды иеленді. Чемпионат қорытындысымен үздік ойыншылар да марапатталды. Жәнібектен Нұржан Сейтқалиев пен Қазталовтан Абзал Сапарғалиев үздік байланыстырушы, Оралдан Расим Жұмағалиев үздік тосқауыл қоюшы, Зеленовтан Жарқын Тайшыбаев пен Жәнібектен Нұрболат Хисин үздік шабуылшы, Бөрліден Санат Саматов пен Теректіден Салауат Қажығалиев үздік қорғаушы атанд…

0
0
368

Серхио Мора Геннадий Головкинмен жақсы гонорар үшін жұдырықтасуға дайын

Серхио Мора Геннадий Головкинмен жекпе-жекке шыққысы келетінін айтты. Оның ойынша, Головкин — орта салмақтағы бокшылар арасындағы ең мықтысы, деп жазады Vesti.kz. Айта кетейік, Мора Головкинді жекпе-жекке бұған дейін де шақырған болатын. «Менің ойымша, Рубио артық салмақ қосқанына байланысты 100 мың АҚШ доллары көлемінде айыппұл төлегенін ескерсек, шамамен 600 мың АҚШ долларын алды. Кертис Стивенске 300 мың, ал Гилге 600 мың берілді. Егер мен де осындай гонорарға келіскен жағдайда, біздің кездесу Головкин Мюррейді накаутқа жібергеннен кейін болады. Жекпе-жек құны 500, 600, 700 мың көлемінде болатын шығар. Себебі, бұл — жақсы баға. Ал 100, 200 мың болған жағдайда, Дэниел Джейкобс, Джермен Тейлор сынды боксшылармен кездескенді қалар едім», — дейді ол. . Естеріңізге сала кетейік, 21 ақпан кү…

0
0
293

APB жобасы: Қазақстандық боксшы Біржан Жақыпов алғашқы сайыста жеңіліске ұшырады

Бокстан Қазақстан ұлттық құрама командасының мүшесі, 2013 жылғы Әлем чемпионы Біржан Жақыпов (49 кг) Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығының (АИБА) APB (АИБА Кәсіпқой Боксы) жобасы аясында алғашқы сайыста жеңіліске ұшырады. Бұл туралы Қазақстанның бокс федерациясының баспасөз қызметінен хабарлады. Қытайдың Фошан (Гуандун провинциясы) қаласында өткен сайыста отандасымыз өкінішке қарай, қытайлық боксшы Лу Биннен 3:0 (58:56, 58:56,58:56) жеңіліп қалды. Осы салмақ категориясындағы басқа сайыстардың нәтижесі мынадай: Давид Айрапетян (Ресей) — Карлос Пилатакси (Эквадор) 0:3. Леандро Бланк (Аргентина) — Марк Баррига (Филиппин) 0:3. Жонглин Ву (Қытай) — Патрик Чагас (Бразилия) 2:1. Осымен, қазақстандық боксшылар үшін Про-боксинг жобасының алғашқы туры аяқталды. Бұған дейін Берік Әбдірахманов (60…

0
0
450

Астана құрамасы әйелдер күресінен ҚР кубогын жеңіп алды

ҚР Кубогының шешуші кезеңінде елордадағы «Дәулет» спор кешенінде еліміздің әр өңірлерінің әйел балуандары медальдарды, қаржылай сыйақыларды сарапқа салды, деп жазады Kazakhstan Wrestling Online «ВКонтакте» парақшасында.

Сайыс нәтижесінде бірінші орынды астана құрамасы иеленді. Оның сапында ұлттық құраманың мықтылары: Татьяна Аманжол, Жұлдыз Эшимова, Айым Абдильдина мен Гузель Манюровалар бар. Екінші орын алматылықтардың қанжығасына байланса, үшінші орынды павлодарлық балуан қыздар еншіледі.

   
Басты сөздер: СпортАстана
АСТАНА. ҚазАқпарат
0
0
281

Байқау

Құрметті журналистер мен блогерлер! «Қазтелерадио» АҚ баспа, электронды және Интернет-БАҚ журналистерінің арасында ҚР-дағы цифрлық телерадио хабарларын таратуды дамытудың өзекті мәселелері жөніндегі үздік жарияланымдарға шығармашылық конкурс жариялайды. Конкурсқа қатысуға мемлекеттік және орыс тілдерінде баспасөз беттерінде, телевизиялық эфирде және Интернет-кеңістікте 2014 жылғы 14 қаңтар мен 10 қараша аралығында жарияланған материалдар қарастырылады. Конкурста республикалық, өңірлік электрондық және баспа БАҚ, оның ішінде Интернет-сайттардың журналистері мен блогерлері бақ сынауына болады. Жеңімпаздар БАҚ түрлері бойынша қарастырылған номинацияларда анықталып, ақшалай және бағалы сыйлықтармен, дипломдармен марапатталады. Конкурсқа қатысушылардың санаты мен номинация түрлеріне қарай ақша…

0
0
359

ҚазМұнайГаз: тиімді инвестиция тарту

2014 жылдың 30 қазанында «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ында ҚМГ және «Самұрық-Қазына» АҚ басшыларының, еншілес және тәуелді ұйымдар өкілдерінің қатысуымен 2014-2016 жылдарға арналған жекешелендіру жөніндегі Кешенді жоспарды орындау шеңберінде әлеуетті инвесторлармен кездесу болып өтті. «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының Корпоративтік орталық жөніндегі орынбасары Данияр Берлібаевтың төрағалық етуімен өткен шара барысында ҚМГ мен еншілес және тәуелді ұйымдар басшылары жекешелендірілетін активтерді сату ережесін түсіндіріп, барынша тартымды нысандарды таныстырды. Атап өтілгендей, сату бағдарламасын жүзеге асыру ел экономикасына мемлекеттің қатысуын азайтуға және мемлекет негізін жеке сектордың үлес салмағын арттыру есебінен күшейтуге бағытталған. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында…

0
0
759

Оралмандар қай облысқа баруды өзі біледі

Шеттегі қазақтардың өз отанына оралуы ұзаққа жалғасатын тақырып. Өзге елдерде өмір сүріп жатқан 5 миллион қандасымыз аман болады екен, оларды елге қосу үшін талай қызмет жасауымызға тура келеді. Себебі, тарыдай шашылу – ұлтымыздың кешегі тағдырына жазылған соры болса, оларды көктудың астына шоқтай жинау – бүгінгі қазақтың маңдайына бұйырған бағы. Қазір отанына оралып жатқан қазақтың көші азайып кетті. Біз оның барлық себебін тізіп отыруды мақсат етпейміз. Ал, қара орман қазақ жұрты өз қандастарының еліне, атажұртына оралғанына шын қуанады. Соңғы кезде шеттен келетін қазақтарға деген биліктің көзқарасы сәл жұмсарып, алдымен 5 жылға созып, кейін әупірімдеп жүріп әрең 4 жылға түсірген азаматтық алу мәселесін 1 жылға қысқартты. Бұл да бір жымысқы тактика болды. Қорғансыз біреуді ұрып-соғып, а…

0
0
333

«Қаршыға» атанған қазақ балуан кім еді?

Моңғолияның Баян Өлгей аймағына сапарға шыққанымызда әйгілі балуан Бақыт Одынайұлына жолықсақ деп жоспарлаған едік – дейді журналист Болатбек Баянханұлы. Жолымыз болып, шалқар күш иесін жұмыс орынан таптық. Күрестің арқасында дүние жүзін аралап, мұхит асып Америкаға барып белдесіп әлем кубогының қола медальын жеңіп алған тұңғыш қазақ осы кісі. Аса ауыр салмақта айқасқанның бәрін жығып атағы алысқа кеткен алып күш иесі. Ендеше атажұрттан жырақта жүріп, қазақты танытқан қайсар ұлдың кешегісі мен бүгінгі тыныс-тіршілігі туралы толыққанды оқи отырыңыз. Бақыт Одынайұлының туған жері өр Алтайдың бастау алар жері Бес Боғданың баурайындағы Цэнгэл деген көрікті мекен. Ақсу өзенінің жағасында балалық шағы өтті. Көзкөргендер әкесі Одынай Ысқақұлы да еңселі, ерен күш иесі еді дейді. Бірақ күреспен ай…

0
0
655

Ұлттық ыдыс-аяқтар ұмытылып кетпей ме?

Қазақтың ыдыс аяғы бүгінде төрден ығысып, босағадан орын тепті. Олай деуімізге негіз де жоқ емес. Үйде болсын, дәмханада болсын алдыңызға келген асыңызды салатын ыдыс-аяққа бір мезет көңіл аударып көріңізші. Тәрелкеңіз ресейдікі, кесеңіз бельгияныкі, «тамақ тасымалдаушы»-қасығыңыз қытайдыкі, самаурыныңыз ресейдікі. Кезінде тайқазан жасаған аталарымыздың бүгінгі ұрпағы қасық та шығара алмай отырғанына қарның ашады осындайда. Алтынмен апталып, күміспен күптелген небір ыдыс-аяқтар дастарханымыздың төрінен орын алғаны рас. Құдалық күтуге арналған топтама ыдыстардың бағасы тіпті миллион теңгеден асып жығылатыны бар. Сваров тастарымен өрнектелген, көздің жауын алардай жалт-жұлт еткен сол ыдыс-аяқтардың төркіні Қазақстан емес. Теңіз асып, тау асып шетелден келеді. Жапондық, германиялық, бельгиял…

0
0
918

Қайрат Нұртас мені қалай өлімнен құтқарып қалды?

...Осы әнді естіген сайын жылап қаламын. Сосын, сабырға келіп, өз өзімді басуға тырысамын... Бәрін басынан бастап баяндайыншы. Күйеуім екеуміз әу баста сүйіп қосылдық. Жанды елжіретер тәтті сезім де, сағынып қауыштырар ыстық жүрек лүпілі де болды бізде. Бірақ жылдар өте арамызда сызат пайда бола бастады. Ол – күйеуімнің беті жылтыраған қыз-қырқынға құмарлығы еді. Бәлкім оның бұндай қасиетсіз жолға бет бұруына менің де кінәм бар шығар, кім білген?.. Жасы келген соң қояр деген үмітім де жоқ емес-тін. Бірақ ол қырықтан асқан соң тіптен құтыра бастады. Айқайластық та, ұрыстық та, жайлап та айтып көрдім, бірақ қояр болмады. Әке-шешесі де келіп «отбасыңды сақта, басыл» деп талай ақылын да айтты. Бірақ «жартасқа бардым, күнде айқай салдымның» кері шықты. Көп ішетінді, апталап жоғалып кететінді ш…

0
0
378