Серхио Мора Геннадий Головкинмен жақсы гонорар үшін жұдырықтасуға дайын
Айта кетейік, Мора Головкинді жекпе-жекке бұған дейін де шақырған болатын.
«Менің ойымша, Рубио артық салмақ қосқанына байланысты 100 мың АҚШ доллары көлемінде айыппұл төлегенін ескерсек, шамамен 600 мың АҚШ долларын алды. Кертис Стивенске 300 мың, ал Гилге 600 мың берілді. Егер мен де осындай гонорарға келіскен жағдайда, біздің кездесу Головкин Мюррейді накаутқа жібергеннен кейін болады. Жекпе-жек құны 500, 600, 700 мың көлемінде болатын шығар. Себебі, бұл — жақсы баға. Ал 100, 200 мың болған жағдайда, Дэниел Джейкобс, Джермен Тейлор сынды боксшылармен кездескенді қалар едім», — дейді ол. .
Естеріңізге сала кетейік, 21 ақпан күні Монакода Головкин мен Мартин Мюррей арасында кездесу өтеді. Қазақстандық боксшы үшін бұл кездесу 32-ші болмақ. Осыған дейінгі барлық жекпе-жектерінде жеңіске жеткен болатын. 28 кездесудің 18-ін мерзімінен бұрын аяқтаған. Ал британдық боксшы 29 рет жеңіс тұғырына көтерілген (12-сін мерзімінен бұрын аяқтаған), 1 рет жеіліске ұшырап, 1 рет тең түскен.

