Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Байқау

Құрметті журналистер мен блогерлер!

«Қазтелерадио» АҚ баспа, электронды және Интернет-БАҚ журналистерінің арасында ҚР-дағы цифрлық телерадио хабарларын таратуды дамытудың өзекті мәселелері жөніндегі үздік жарияланымдарға шығармашылық конкурс жариялайды. Конкурсқа қатысуға мемлекеттік және орыс тілдерінде баспасөз беттерінде, телевизиялық эфирде және Интернет-кеңістікте 2014 жылғы 14 қаңтар мен 10 қараша аралығында жарияланған материалдар қарастырылады.  Конкурста республикалық, өңірлік электрондық және баспа БАҚ, оның ішінде Интернет-сайттардың журналистері мен блогерлері бақ сынауына болады. Жеңімпаздар БАҚ түрлері бойынша қарастырылған номинацияларда анықталып, ақшалай және бағалы сыйлықтармен, дипломдармен марапатталады. Конкурсқа қатысушылардың санаты мен номинация түрлеріне қарай ақшалай сыйлықтар 150 000 теңге, 100 000 теңге және 50 000 теңге мөлшерінде болмақ.

Байқауға қатысу туралы өтініштер 2014 жылдың 10 қарашасына дейін [email protected] электронды адресіне немесе пошталық мекен-жайы бойынша қабылданады: 050040, Алматы қ., Әл-Фараби д., 118. «Журналистердің шығармашылық байқауы 2014», Байқауды ұйымдастыру комитетінің тел. (727) 2 555 400, ішкі 1107, 1109, 1206.

Конкурс ережелерін мына жерден қараңыз.

0
0
348

Осы тақырып бойынша

Байқау - Yvision.kz