Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ұлттық ыдыс-аяқтар ұмытылып кетпей ме?

Қазақтың ыдыс аяғы бүгінде төрден ығысып, босағадан орын тепті. Олай деуімізге негіз де жоқ емес. Үйде болсын, дәмханада болсын алдыңызға келген асыңызды салатын ыдыс-аяққа бір мезет көңіл аударып көріңізші. Тәрелкеңіз ресейдікі, кесеңіз бельгияныкі, «тамақ тасымалдаушы»-қасығыңыз қытайдыкі, самаурыныңыз ресейдікі. Кезінде тайқазан жасаған аталарымыздың бүгінгі ұрпағы қасық та шығара алмай отырғанына қарның ашады осындайда. Алтынмен апталып, күміспен күптелген небір ыдыс-аяқтар дастарханымыздың төрінен орын алғаны рас.

Құдалық күтуге арналған топтама ыдыстардың бағасы тіпті миллион теңгеден асып жығылатыны бар. Сваров тастарымен өрнектелген, көздің жауын алардай жалт-жұлт еткен сол ыдыс-аяқтардың төркіні Қазақстан емес. Теңіз асып, тау асып шетелден келеді. Жапондық, германиялық, бельгиялық ыдыстар бүгінде төрден орын бермейтін болған. Ұятты қонағына қашанда әсем ыдыспен ас ұсынуды ұнататын ұлтымыз үшін әрине жарқыраған дүние керек. Ал ұлттық жарқырауық ыдыс табақтар өзімізде өндірілмейтіні белгілі. Сол себептен де өзгеге өңешімізді созуға мәжбүрміз. Жат жұрттың табағына телміруліміз. Ұлттық ыдыс-аяқтарымыз қайда кеткен деп Асан қайғының зарын қағуға да болмас. Бүгінде ағаштан ойып жасалынған астаулар сәнге ене бастады. Қымыз ішетін ағаш аяқтар, ағаш қасықтар да сатылымға шықты. Бірақ олардың басым бөлігі көрмеге қоюға арналған. Ал бірді екілі сатып алуға ниет еткендер болса бағасы удай қымбат. Бір астауыңыз кемі 15 мың теңгеден басталып, 75 мың теңгеге бірақ жетеді. Мұндай бағаға ыдыс сатып алатындай елдің бәрі шылқыған бай емес. Демек қолдан жасалған, эксклюзивті ыдыстар тек қалтасы қалыңдарға ғана арналған... Қолөнер шеберлерінің бүгінде ұлттық ыдыс-аяққа қызығушылар саны артып келеді деген ақжолтай хабары қуантып тастады. Расында бүгінде қонағы үзілмейтін, тойханасы көп оңтүстік өңіріндегі тойларда астаумен ет тарту «модаға» айналды. Қазақы етке арналған үлкен астауларыңыз расында әсем-ақ. Ағаштан ойып жасалынған, ою-өрнегі көзді арбайтын мұндай астауларды жасайтын шеберлер аз расында. «Ағашы көп ел ойып жасайды, ағашы жоқ ел жонып жасайды» дегендей оның үстіне бұл астауға жарайтын ағаш та табыла бермейді. Егер осы салада бәсекелестік болса әрине, баға да түсер еді... (жалғасы мұнда: mtdi.kz)

 
0
0
914

Осы тақырып бойынша

Ұлттық ыдыс-аяқтар ұмытылып кетпей ме? - Yvision.kz