«ҚазМұнайГаз»: желмен жарысқан жеңіл атлеттер
«ҚазМұнайГаз» компаниялар тобы Спартакиадасы аясында 5- қыркүйекте Астанадағы Қ. Мұңайтпасов атындағы стадионда ҚМГ-ның «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ, «0SC» ЖШС, «Өзенмұнайгаз» АҚ, «ҚазТрансГаз» АҚ, «ҚазТрансОйл» АҚ, «ҚМГ-Сервис» ЖШС, «ҚМГ өнімдері» ЖШС, «Қаражанбасмұнай» АҚ компанияларының 8 командасы ерлер мен әйелдер арасында жекелей біріншілікте 100 метрге жүгіруден және командалық есепте 4х100 метрге аралас эстафета бойынша жарысты. Тамаша ауа райы спортшылардың жоғары көңіл күйде болуына әсер еткендей. Жарыс та сондай биік деңгейде ұйымдастырылды. Әйелдер арасында 100 метрге жүгіруден «ҚМГ БӨ» командасынан Сәбина Ойратқызы топ жарды. Екінші орында «ҚМГ-Сервис» командасының мүшесі Шолпан Аңсариева. «Өзенмұнайгаз» командасының өкілі Гүлжан Мыңжанова нәтижелі үшінші орынға табан тіре…