«Қаршыға» атанған қазақ балуан кім еді?

Моңғолияның Баян Өлгей аймағына сапарға шыққанымызда әйгілі балуан Бақыт Одынайұлына жолықсақ деп жоспарлаған едік – дейді журналист Болатбек Баянханұлы. Жолымыз болып, шалқар күш иесін жұмыс орынан таптық. Күрестің арқасында дүние жүзін аралап, мұхит асып Америкаға барып белдесіп әлем кубогының қола медальын жеңіп алған тұңғыш қазақ осы кісі. Аса ауыр салмақта айқасқанның бәрін жығып атағы алысқа кеткен алып күш иесі. Ендеше атажұрттан жырақта жүріп, қазақты танытқан қайсар ұлдың кешегісі мен бүгінгі тыныс-тіршілігі туралы толыққанды оқи отырыңыз.
Бақыт Одынайұлының туған жері өр Алтайдың бастау алар жері Бес Боғданың баурайындағы Цэнгэл деген көрікті мекен. Ақсу өзенінің жағасында балалық шағы өтті. Көзкөргендер әкесі Одынай Ысқақұлы да еңселі, ерен күш иесі еді дейді. Бірақ күреспен айналыспапты. Зобалаң жылдары жалған жаламен абақтыға қамалып, одан ақталып шыққан соң елге келіпті. Балуанның анасы Күнішай ұзақ жыл денсаулық сақтау саласында қызмет еткен. Ол кісілер төрт перзент сүйіпті. Үш қыздың ортасында өскен Бақыт 2-класта оқып жүргенде мектепте күрес үйірмесі ашылады. Әуелі балалық қызығушылықпен үйірмеге жазылған оған анасы моңғолдың балуандары киетін арнайы ұлттық киім тіккізіп береді. Сірә жалғыз ұлының болашақта үлкен балуан боларын ана жүрегі сезген болса керек. (жалғасы мұнда: mtdi.kz)
