Астана құрамасы әйелдер күресінен ҚР кубогын жеңіп алды
ҚР Кубогының шешуші кезеңінде елордадағы «Дәулет» спор кешенінде еліміздің әр өңірлерінің әйел балуандары медальдарды, қаржылай сыйақыларды сарапқа салды, деп жазады Kazakhstan Wrestling Online «ВКонтакте» парақшасында.
Сайыс нәтижесінде бірінші орынды астана құрамасы иеленді. Оның сапында ұлттық құраманың мықтылары: Татьяна Аманжол, Жұлдыз Эшимова, Айым Абдильдина мен Гузель Манюровалар бар. Екінші орын алматылықтардың қанжығасына байланса, үшінші орынды павлодарлық балуан қыздар еншіледі.

