Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

APB жобасы: Қазақстандық боксшы Біржан Жақыпов алғашқы сайыста жеңіліске ұшырады

Бокстан Қазақстан ұлттық құрама командасының мүшесі, 2013 жылғы Әлем чемпионы Біржан Жақыпов (49 кг) Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығының (АИБА) APB (АИБА Кәсіпқой Боксы) жобасы аясында алғашқы сайыста жеңіліске ұшырады. Бұл туралы Қазақстанның бокс федерациясының баспасөз қызметінен хабарлады.

Қытайдың Фошан (Гуандун провинциясы) қаласында өткен сайыста отандасымыз өкінішке қарай, қытайлық боксшы Лу Биннен 3:0 (58:56, 58:56,58:56) жеңіліп қалды.

Осы салмақ категориясындағы басқа сайыстардың нәтижесі мынадай:

Давид Айрапетян (Ресей) — Карлос Пилатакси (Эквадор) 0:3.

Леандро Бланк (Аргентина) — Марк Баррига (Филиппин) 0:3.

Жонглин Ву (Қытай) — Патрик Чагас (Бразилия) 2:1.

Осымен, қазақстандық боксшылар үшін Про-боксинг жобасының алғашқы туры аяқталды. Бұған дейін Берік Әбдірахманов (60 кг), Антон Пинчук (91 кг дейін) және Ілияс Сүлейменов өз сайыстарын жеңіспен аяқтаса, Әділбек Ниязымбетов (81 кг) қарсыласына есе жіберіп алды.

   
Басты сөздер: Спорт
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат
 
0
0
438

Осы тақырып бойынша

APB жобасы: Қазақстандық боксшы Біржан Жақыпов алғашқы сайыста жеңіліске ұшырады - Yvision.kz