Мазмұнға өту

Жаңа

2014 жылғы 22 желтоқсандағы жағдай бойынша республикадағы тұмау бойынша эпидемиологиялық жағдай

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігініңТұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті 2014 жылғы 22 желтоқсандағы жағдай бойынша республикадағы тұмау бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы хабарлайды. Эпидемиологиялық маусымның басынан (2014 жылғы 1 қазаннан) бері шамамен 191 540 ЖРВИ жағдайы тіркелген, ауырған адамдардың негізгі үлесін (71%) 14 жасқа дейінгі балалар құрайды. Тұмаумен сырқаттану 9 жағдайы тіркелді. 2014 жылғы 22 қаңтарда Атырау, Манғыстау облыстарында және Астана қаласында тұмаудың А және В вирус айналымы белгіленді. Тұмауға қарсы республика бойынша барлығы 1 633 423 адам егілді (республика халқының жалпы санының 9,4%), оның ішінде 14 жасқа дейінгі 446 028 бала және 1 187 395 ересек тұрғындар (оның ішінде 159 895 медицина қызметкерлері және 81 038 жүкті әйелдер)…

0
0
285

Илья Ильин, Данияр Елеусінов, Әділбек Ниязымбетов пен басқа да спортшылар «Рио-2016 олимпиадалық стипендиясын» иелендіҚазақстандық спортшылар «Олимпиадалық ынтымақтастық» бағдарламасының аясында «Рио-2016 олимпиадалық стипендиясына» ие болды. Бұл туралы с

Қазақстандық спортшылар «Олимпиадалық ынтымақтастық» бағдарламасының аясында «Рио-2016 олимпиадалық стипендиясына» ие болды. Бұл туралы спорттық жекпе-жек пен спорттың күш сынайтын түрлері Конфедерациясының баспасөз қызметінен хабарлады. «Олимпиадалық ынтамақтастық» - Олимпиадалық қозғалысты дамытуға бағытталған Ұлттық Олимпиада комиттерінің қызметтерін үйлестіру бойынша Халықаралық Олимпиада Комитетінің бағдарламасы. Аталған бағдарламаның аясында Конфедерация құрамына кіретін ұлттық федерациялардың бастамасымен стипендиядан үміткер спортшылар Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиада Комитетіне өтініш жолдады. Өз кезегінде, ҚР ҰОК олардың өтініштерінің талапқа сәйкестігін тексергеннен кейін, оларды стипендиядан үміткерлердің әлеуеті мен рейтингісін бағалаған сауалнамалар әрі қарай қарас…

0
0
211

Орталық коммуникациялар қызметінде брифинг

24 желтоқсанда сағат 12:00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Ұлтаралық және конфессияаралық келісімді, жастар арасында толеранттылықты насихаттау, жастарда діни сауаттылық деңгейін арттыру» тақырыбында болатын брифингке қатысушылар:

- ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Марат ӘЗІЛХАНОВ;

- ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы Ғалым ШОЙКИН;

- ҚР Мәдениет және спорт министрлігі «Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры Айнұр ӘБДІРАСЫЛҚЫЗЫ.
Ұлтаралық және конфессияаралық келісімді, жастар арасында толеранттылықты насихаттау, жастарда діни сауаттылық деңгейін арттыру діни сауаттылық деңгейін арттыру».

0
0
483

Алматы қаласында өткен «Пифагор олимпиадасы» екінші кезең.

2014 жылдың 21 желтоқсан күні КБТУ жоғары оқу орнының қабырғасында Пифагор білім орталығының басқармасымен әр маусым сайын Алматы және Астана қаласында ұйымдастырылатын «Пифагор Олимпиадасының»2 кезеңі өз мәресіне жетті. Таңертеңнен бастап, жинала бастаған балалар оқу орталығының ішін сыңғырлаған сәби күлкілері мен шаттыққа кеңейте түсті. Кіре берістен бастап оқушыларды келген бойда арнайы жаттықтырушылар кұшақ жая карсы алды. Оқушылар адаспас үшін жетекшілердің қолындағы секция құрамы жайлы жазылған ақпарат та бірден көзге түседі. Біздің көңілді ұжым! Ал үмітін үкілеген ата-аналар балаларына қолдау көрсетіп, демеу беруде. Баланың рухани дайындығы - оны жеңіске жетелейтін жолдамаларының бірі. Топ жарған толағайлардың топтамасы. Сырт көзге білдірмей іштей қобалжып отырған сайыскерлер жарыс…

0
0
1516

ҰКП-сы ТҚҚК-мен бірлесіп бейнеконференцияны өткізді

Қазақстан Ұлттық кәсіпкерлер палатасында ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетімен бірлесіп ұйымдастырылған бейнеконференция өтті.

Конференцияда кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту жөніндегі қолданылып жатқан шаралар аясында халықтың санитарлық-эпидемиологиялық ахуалы саласындағы тексерістерге қатысты мәселелер талқыланды.

Бейнеконференцияның жұмысына өңірлік кәсіпкерлер палаталарының және облыстық тұтынушылар құқықтарын қорғау жөніндегі департаменттер басшылары, сонымен қатар кәсіпкерлер қатысты.

0
0
298

ЭКСПО-2017: Ақмола облысында 100 үйден тұратын этноауыл тігіледі

2017 жылы Астанада өтетiн ЭКСПО көрмесiнiң меймандары үшiн Ақмола облысында 100 үйден тұратын этноауыл тігіледі. Бұл туралы ҚР Президентi жанындағы Орталық коммуникациялар қызметiнде брифингте Ақмола облысының әкiмi Сергей Кулагин мәлiм еттi.

"Ақмола облысы ЭКСПО-2017 көрмесіне міндетті түрде қатысады. Өйткені, облыс пен Астана бір өңірде орналасқан. Біріншіден, бес жыл ішінде облысқа 5 млн-ға жуық адам келеді. Әрине, Щучинск, Зеренді, Сандықтау ЭКСПО-ға қатысады. Қорғалжын ауданын да оған қосамыз деп үміттенемін. Сонымен қатар 100 үйден тұратын этноауыл тігіледі деп күтілуде. Жалпы, басқа да тапсырмалар бар, сондықтан Ақмола облысы ЭКСПО көрмесіне белсенді атсалысатын болады", - деп атап өттi өңiр басшысы.

Қосымша ақпаратты http://www.inform.kz сайтынан көріңіздер!

0
0
258

Бурабай курорттық аймағында жылына 1 млн. адам демалады

Бурабай курорттық аймағын дамыту жоспарының екінші кезеңі жақсы нәтижелер береді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин мәлім етті. «Мемлекет басшысының Жолдауында ең басты бағыттардың бірі ретінде туризм инфрақұрылымын дамыту аталып өтті және бұл тұрғыда біздің облыстың әлеуеті жоғары. Осы орайда облыста қаржыландыру көлемі 47,6 млрд. теңге сомасында Бурабай курорттық аймағын дамыту жоспарының екінші кезеңі жүзеге асырылуда», - деді әкім. Екінші кезең аясында 80-нен астам тиісті шаралар қамтылып отыр. 2014-2016 жылдары аралығында аталған 47,6 млрд. теңге игерілетін болады. «Бұл қомақты қаржы және оның көлемі демалыс орындарының жағдайын айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді. Бүгінде жазғы кезеңде бізде жарты миллионға жуық…

0
0
233

Ақтөбеде бюджет қаражатын ірі көлемде ұрлау фактісі бойынша үкім жарияланды

Ақтөбе қаласының № 2 сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 176-бабының 4-бөлімі, «б» тармағы және 218-бабы бойынша айыпталған Д.Бұқарбаеваға қатысты қылмыстық іс қаралды.

http://sud.gov.kz/kaz/news/aktobede-byudzhet-karazhatyn-iri-kolemde-urlau-faktisi-boyynsha-ukim-zhariyalandy

0
0
238

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінде жаңа вице-министр тағайындалды

Ермек Беделбайұлы Көшербаев Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі болып тағайындалды. Бұрынырақ Ермек Көшербаев Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметінде болған. Анықтама: Көшербаев Ермек Беделбайұлы 1965 жылы 2 мамырда Алматы қ. дүниеге келген. 1998 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің тарих мамандығын және КСРО СІМ-нің дипломатиялық академиясын бітірген. Әр жылдарда Ермек Беделбайұлы Көшербаев Қаз ССР СІМ, ҚР Президент Әкімшілігі, ҚР Үкіметінде, ҚР СІМ, «Нұр Отан» ХДП, «ҚазМұнайГаз» АҚ-да әр түрлі қызметтерді атқарған. Сондай-ақ, «Ертіс» ӘКК» ҰҚ басқарма төрағасы болды. ҚР АШМ баспасөз қызметі Тел.: 555-765 e-mail: [email protected] www.minagri.gov.kz http://mgov.kz/kz/naznachen-novyj-vitse-ministr-selskogo-hozyajstva-res…

0
0
268