Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

ЭКСПО-2017: Ақмола облысында 100 үйден тұратын этноауыл тігіледі

2017 жылы Астанада өтетiн ЭКСПО көрмесiнiң меймандары үшiн Ақмола облысында 100 үйден тұратын этноауыл тігіледі. Бұл туралы ҚР Президентi жанындағы Орталық коммуникациялар қызметiнде брифингте Ақмола облысының әкiмi Сергей Кулагин мәлiм еттi.

"Ақмола облысы ЭКСПО-2017 көрмесіне міндетті түрде қатысады. Өйткені, облыс пен Астана бір өңірде орналасқан. Біріншіден, бес жыл ішінде облысқа 5 млн-ға жуық адам келеді. Әрине, Щучинск, Зеренді, Сандықтау ЭКСПО-ға қатысады. Қорғалжын ауданын да оған қосамыз деп үміттенемін. Сонымен қатар 100 үйден тұратын этноауыл тігіледі деп күтілуде. Жалпы, басқа да тапсырмалар бар, сондықтан Ақмола облысы ЭКСПО көрмесіне белсенді атсалысатын болады", - деп атап өттi өңiр басшысы.

Қосымша ақпаратты http://www.inform.kz сайтынан көріңіздер!

 
0
0
238

Осы тақырып бойынша

ЭКСПО-2017: Ақмола облысында 100 үйден тұратын этноауыл тігіледі - Yvision.kz