Мазмұнға өту

Жаңа

Шығыс Қазақстан облыстық сотында БАҚ өкілдері арасындағы конкурстың қорытындысы шығарылды

Шығыс Қазақстан облыстық сотында шығармашылық конкурстың жеңімпаз журналистерін марапаттау рәсімі бөлып өтті. Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы А.Рахметулин  конкурстың жеңімпаздарын құттықтап, дипломдар мен бағалы сыйлықтар тапсырды.

http://sud.gov.kz/kaz/news/shygys-kazakstan-oblystyk-sotynda-bak-okilderi-arasyndagy-konkurstyn-korytyndysy-shygaryldy

0
0
371

Алматы қаласында тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселесі бойынша ведомствоаралық комиссияның мәжіліс отырысы өтті

Мәжіліс отырысына Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары және 2015 жылға арналған жоспар қаралды.

Комиссияның жұмысына Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы, Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық инспекциясы, Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Алматы қаласы бойынша аумақтық инспекциясы, Жеке кәсіпкерлер Палатасы өкілдері қатысты.

Мәжіліс барысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау қызметінің негізгі бағыттары, ведомствалармен өзара-әрекет және ақпарат алмасу  мәселері   талқыланды.

0
0
293

Полицейлер «Жасөспірім» жедел-профилактикалық шарасын қорытындылады

Ағымдағы жылдың желтоқсан айының 22-24 күндері аралығында жасөспірімдер қылмысын ескерту және алдын алу, кәмелетке толмағандардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ теріс қылықтармен айналысатын жасөспірімдерді анықтап, дер кезінде шара қолдану және жасөспірімдер алдындағы ата-аналардың, заңды тұлғалардың жауапкершілігін арттыру бағытындағы жұмыстарды жандандыру мақсатында облыс көлемінде «Жасөспірім» жедел-профилактикалық шарасы өтті. Аталған кешенді шараға ІІО-нің жеке құрамы жұмылдырылып, жергілікті атқарушы органдардың, прокуратураның, білім беру, денсаулық сақтау органдарының, сондай-ақ «Нұр Отан» партиясының жастар қанаты филиалы өкілдерінің қатысуымен алкоголь ішімдіктерін ішетін, заңды өкілдерінің ілесіп жүруінсіз түнгі мезгілде немесе сабақ уақытында тыйым салынған орындард…

0
0
419

ШҚО полицейлерінің бастығы Шығыс Қазақстан облысы ішкі істер органдарының қаза болған полицейлері балаларын Жаңа жыл мерекесімен құттықтап сыйлықтар табыстады

Тәуелсіздік жылдары ішінде Шығыс Қазақстанда қызметтік борышын атқару барысында ішкі істер органдарының 37 қызметкері қаза болды. Облыс полицейлері қаза болған әріптестерін үнемі еске түсіріп құрметтейді. Бірі әке, бірі бала, бірі серігі болған, құқықтық тәртіпті сақтап қалу үшін өмірін қиған қызметкерлердің отбасылары жәрдемсіз және назардан тыс қалмайды. Мүмкіндігінше қаза болған полицейлердің отбасыларына қаржылай көмек көрсетіледі. Жазғы демалыста қаза болған полицейлердің балалары Шығыс Қазақстан облысының көркем жерлерінде орналасқан жазғы сауықтыру лагерлерінде ШҚО ІІД қамтамасыз еткен тегін жолдама бойынша демалу мүмкіндігіне ие болды. Сонымен қатар Полицей күніне орай қызметтік борышын атқару барысында қаза болған полицейлердің балалары мен отбасыларын құрметтеу дәстүрге айналған…

0
0
639

Алматы облысының әкімі А.Баталов ауыр атлетикадан үздік бапкерлерді марапаттады

Облыс әкімі Амандық Баталов 2014 жылғы ауыр атлетикадан Әлем чемпионатында жоғарғы спорттық нәтижелер көрсеткен Алматы облысының спортшылары мен жаттықтырушыларын қабылдап, оларды марапаттады. Атап айтқанда, ауыр атлетикадан ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 2014 жылы Алматы қаласында өткен ересектер арасында әлем чемпионатында күміс медаль иеленгені үшін Владимир Седовқа облыс әкімінің алғыс хаты және 1 267 000 теңгенің сертификаты тапсырылды. Сондай-ақ Зүлфия Чиншанлоны дайындағаны үшін ауыр атлетикадан ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Виктор Ниге облыс әкімінің алғыс хаты және 1 810 000 теңгенің сертификаты, ал Владимир Седовты дайындағаны үшін ауыр атлетикадан жаттықтырушы Сергей Седовқа облыс әкімінің алғыс хаты және 905 000 теңгенің сертификаты табысталды. Зүлфия Чиншанло бұл…

0
0
445

Орталық коммуникациялар қызметінде брифинг өтті

2014 жылғы 24-желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Марат Әзілхановтың, Министрліктің Дін істері комитетінің төрағасы Ғалым Шойкинның және Дін мәселелерін зерттеу және талдау орталығының директоры Айнұр Әбдірәсілқызының қатысуымен «Жастардың діни сауаттылық деңгейін арттыру, жастар арасында ұлтаралық және конфессияаралық келісімді, толеранттылықты насихаттау» тақырыбында брифинг болып өтті. Бастапқы сөзді алған ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі М.Әзілханов Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Қазақстан халқына Жолдауы желісінде еліміздің 2050 жылға дейінгі даму стратегиясын іске асыруда Министрлік алдындағы міндеттер туралы айтып өтті. Мемлекетіміздің зайырлы сипаты еліміз…

0
0
274

Министрліктер үйінде Діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті.

2014 жылғы 24 желтоқсанда сағ. 15.00-де Министрліктер үйінде Діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті. Кеңес отырысына діни бірлестіктердің басшылары, Қазақстан халық Ассамблеясының, мемлекеттік органдардың және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сонымен қатар дінтанушы ғалымдар, қоғам қайраткерлері қатысты. Шара барысында ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңын жүзеге асыру мәселелері қарастырылып, 2014 жылғы атқарылған жұмыстарға қорытындылау жасалынды. Кеңес отырысында Астана қаласы мен Ақмола облысының дін істері басқармаларының басшылары өз баяндамаларында Кеңес мүшелерін өңірлердегі діни ахуал және дін саласындағы өзекті мәселелерді шешу бойынша іске асырылып жатқан шаралар туралы хабардар етті. Шара соңында Кеңес мүшелерімен Кеңестің 20…

0
0
300

Сот төрелігін іске асыруды жеңілдету сұрақтары бойынша дөңгелек үстел

Тимирязев аудандық соты ауданның ІІБ, Тимирязев ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы, әкімдік, «Алпаш» МҚМ, «Халық банкі» АҚ филиалы, «Қазпошта» АҚ өкілдерінің қатысуымен «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне сот төрелігін іске асыруды одан әрі жеңілдету, төрешілдік рәсімдерді азайту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 17 қарашадағы ҚР Заңымен енгізілген негізгі жаңа ережелер» тақырыбына дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелді өткізудің негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу кодексіне, Салық кодексіне, Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Қазақстан Республикасының кодексіне, Қылмыстық іс жүргізу кодексіне Заңмен енгізілген негізгі өзгерістер мен жаңалықтарды түсіндіру. Кездесуді аша отыра, сот төрағ…

1
0
414

БОКС: Г.Головкин Sports Illustrated нұсқасы бойынша «Жыл боксшысы» атағын ала алмады

Кәсіпқой бокстан WBA және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы Геннадий Головкин Sports Illustrated нұсқасы бойынша, 2014 жылдың «Жыл боксшысы» атағынан құр қалды, деп жазады sportnews.kz. Биылғы жылдың қорытындысы бойынша, «Жылдың үздік боксшысы» деп ресейлік боксшы Сергей Ковалев танылды. Sports Illustrated Ковалев пен Хопкинстің жекпе-жегін жылдың ерекше сайысы деп атады. Еске салайық, бұған дейін Сергей Ковалев WBO нұсқасы бойынша да жыл боксшысы деп танылған. Ковалев кәсіпқой рингте 27 кездесу өткізіп, оның 26-да (23 нокаут) жеңіске жетті, тек біреуінде ғана «итжығыспен» аяқтады. Айта кету керек, Ковалев сондай-ақ BWAA бокс туралы жазатын журналистер қауымдастығы нұсқасының беделді таңдауы «Жыл боксшысы» атағына таласушылар қатарында. Жерлесіміз Геннадий Головкин Spo…

0
0
337

Жылдың үздік саясаткерлері анықталды

Жыл аяқталар тұста көптеген сала үздіктерді анықталып, өтіп бара жатқан жыл қорытындыланады. Осы орайда, саясаттанушы, журналист, блогер және әлеуметтанушылардың біріккен Саясат жобасы ел саясатындағы көшбасшыларды атады. Жыл саясаткері Биыл еліміздегі жыл саясаткері болып президент Нұрсұлтан Назарбаев танылды. 2014 жыл президент үшін әдеттегідей маңызды болды. Ол мемлекеттік аппаратқа қолдау көрсетіп, тізгінді берік ұстады. Сонымен қатар, елішік процестерге ерекше көңіл аударып, сыртқы саясатта да маңызды шешімдер қабылдады. Сөз жоқ, Нұрсұлтан Назарбаев биылғы жылдың үздік саясаткері. Назарбаевтың шебер саясаткер екенін бірнеше шетелдік басылымдар да жазып, шетелдік мамандар президентті әлемдік саясаттағы маңызды тұлғалардың бірі деп бағалады. Жыл жаңалығы Саясат әлемінде жұлдызы жанып к…

1
0
1404