Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінде жаңа вице-министр тағайындалды
Ермек Беделбайұлы Көшербаев Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі болып тағайындалды. Бұрынырақ Ермек Көшербаев Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметінде болған.
Анықтама:
Көшербаев Ермек Беделбайұлы 1965 жылы 2 мамырда Алматы қ. дүниеге келген.
1998 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің тарих мамандығын және КСРО СІМ-нің дипломатиялық академиясын бітірген.
Әр жылдарда Ермек Беделбайұлы Көшербаев Қаз ССР СІМ, ҚР Президент Әкімшілігі, ҚР Үкіметінде, ҚР СІМ, «Нұр Отан» ХДП, «ҚазМұнайГаз» АҚ-да әр түрлі қызметтерді атқарған. Сондай-ақ, «Ертіс» ӘКК» ҰҚ басқарма төрағасы болды.
ҚР АШМ баспасөз қызметі
Тел.: 555-765
e-mail: [email protected]
www.minagri.gov.kz
http://mgov.kz/kz/naznachen-novyj-vitse-ministr-selskogo-hozyajstva-respubliki-kazahstan/
