Алматы қаласында өткен «Пифагор олимпиадасы» екінші кезең.
2014 жылдың 21 желтоқсан күні КБТУ жоғары оқу орнының қабырғасында Пифагор білім орталығының басқармасымен әр маусым сайын Алматы және Астана қаласында ұйымдастырылатын «Пифагор Олимпиадасының»2 кезеңі өз мәресіне жетті. Таңертеңнен бастап, жинала бастаған балалар оқу орталығының ішін сыңғырлаған сәби күлкілері мен шаттыққа кеңейте түсті. Кіре берістен бастап оқушыларды келген бойда арнайы жаттықтырушылар кұшақ жая карсы алды. Оқушылар адаспас үшін жетекшілердің қолындағы секция құрамы жайлы жазылған ақпарат та бірден көзге түседі. Біздің көңілді ұжым! Ал үмітін үкілеген ата-аналар балаларына қолдау көрсетіп, демеу беруде. Баланың рухани дайындығы - оны жеңіске жетелейтін жолдамаларының бірі. Топ жарған толағайлардың топтамасы. Сырт көзге білдірмей іштей қобалжып отырған сайыскерлер жарыс…