Алматы қаласында өткен «Пифагор олимпиадасы» екінші кезең.
2014 жылдың 21 желтоқсан күні КБТУ жоғары оқу орнының қабырғасында Пифагор білім орталығының басқармасымен әр маусым сайын Алматы және Астана қаласында ұйымдастырылатын «Пифагор Олимпиадасының»2 кезеңі өз мәресіне жетті.

Таңертеңнен бастап, жинала бастаған балалар оқу орталығының ішін сыңғырлаған сәби күлкілері мен шаттыққа кеңейте түсті.

Кіре берістен бастап оқушыларды келген бойда арнайы жаттықтырушылар кұшақ жая карсы алды. Оқушылар адаспас үшін жетекшілердің қолындағы секция құрамы жайлы жазылған ақпарат та бірден көзге түседі.

Біздің көңілді ұжым!


Ал үмітін үкілеген ата-аналар балаларына қолдау көрсетіп, демеу беруде. Баланың рухани дайындығы - оны жеңіске жетелейтін жолдамаларының бірі.


Топ жарған толағайлардың топтамасы.


Сырт көзге білдірмей іштей қобалжып отырған сайыскерлер жарыстың басталуын күтуде.
Нәтижелі және сапалы жұмыс атқару мақсатында біздің ұжым барынша қадағалау қаталдығын күшейте түсті.


Оқушылар ойлану үстінде.


Ал біздің міндетіміз - жұмыс бөлмесіндегі тыныштық пен тәртіпті сақтау.


Дегенмен тәрбиешілердің қаталдығына қарамастан, ыңғайын тапқан балалар естелікке көңілді селфи жасап та үлгерді.

Жұмысын аяқтаған алғашқы топ үйлеріне қайтуда. Жақсы жаңалықтан үміттері зор.



Өз кезегімізде мұндай ауқымды шараны ұйымдастырушы ретінде иығымызға үлкен ауыртпашылық түскенін жасырмаймыз. Біз үшін ең маңыздысы - балалардың қауіпсіздігі. Өз тарапымыздан бар мүмкіншіліктерді қарастыра отырып, қатысушылар үшін ең ыңғайлы жағдай жасауға тырыстық. Біздің білеріміз Пифагор олимпиадасы сынды жарыстар баланың рухын көтеріп, жігерін шынықтыра түседі, сол себепті мұндай шара ұйымдастырудағы басты мақсатымыз - әр баланың өзін- өзі көрсете алуына жол беру. Біз үшін жеңіс тұғырына кімнің бірінші болып жетері маңызды емес, біз сіздердің әрқайсыларыңызды жеңіске лайық деп білеміз!
Пифагоров олимпиадасының нәтижелерін мына сілтімеге басу арқылы көре аласыз http://pifagor.kz/news.
