ШҚО полицейлерінің бастығы Шығыс Қазақстан облысы ішкі істер органдарының қаза болған полицейлері балаларын Жаңа жыл мерекесімен құттықтап сыйлықтар табыстады

Тәуелсіздік жылдары ішінде Шығыс Қазақстанда қызметтік борышын атқару барысында ішкі істер органдарының 37 қызметкері қаза болды.
Облыс полицейлері қаза болған әріптестерін үнемі еске түсіріп құрметтейді. Бірі әке, бірі бала, бірі серігі болған, құқықтық тәртіпті сақтап қалу үшін өмірін қиған қызметкерлердің отбасылары жәрдемсіз және назардан тыс қалмайды. Мүмкіндігінше қаза болған полицейлердің отбасыларына қаржылай көмек көрсетіледі. Жазғы демалыста қаза болған полицейлердің балалары Шығыс Қазақстан облысының көркем жерлерінде орналасқан жазғы сауықтыру лагерлерінде ШҚО ІІД қамтамасыз еткен тегін жолдама бойынша демалу мүмкіндігіне ие болды. Сонымен қатар Полицей күніне орай қызметтік борышын атқару барысында қаза болған полицейлердің балалары мен отбасыларын құрметтеу дәстүрге айналған, сондай-ақ бірінші сыныпқа баратын балалар мектеп жабдықтарымен қамтамасыз етіледі.
Шығыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті және аумақтық ІІО бөлімшелері қаза болған полицейлердің отбасыларымен үздіксіз байланыста болып әр түрлі көмек көрсетеді.
Жаңа жыл мерекесі қарсаңында ШҚО ІІД бастығы полиция полковнигі Жанарбек Бақтыбаев дәстүр бойынша қызметтік борышын атқау барысында қаза болған полицейлердің балалары мен отбасыларымен кездесті.
– «Біз қызметтік борышын атқару барысында қаза болған қызметкерлерімізді қайғымен және алғыспен еске аламыз. Біз оларды Отанға шексіз беріліп қызмет етудін және қызметке адалдықтың үлгісі деп табамыз» - деді Ж. Бақтыбаев.
Жиналған жұртты облыс полицейлер атынан Жаңа жылмен құттықтап ІІД бастығы балаларға жаңа жылдық сыйлықтарды табыстады. Сыйлықтарды табыстау барысында ШҚО полициясы бастығы барлық 20 баланың Жаңа жыл сыйлықтары олардың қалауларын ескере отырып әзірлегендігін атап өтті.
- Полиция департаментінен хабарласып Жаңа жыл мерекесіне қандай сыйлық қалайсын деп сұрағанда, мен ойланбастан велосипед дедім – дейді 11 жастағы Арман Слямхан, 2003 жылдың сәуір айында қаруланған қылмыскерді тұтқындау барысында қаза болған, Үржар ауданының учаскелік полиция инспекторы полиция аға лейтенанты Ержан Жұмаділовтін ұлы. – Менің тілегім орындалды, маған көпжылдамдылық спорттық велосипед сыйлады. Ендігі көктемді тағатсыздана күтемін.
2004 жылдың қараша айында әкесі Өскемен ІІБ Үлбі полиция бөлімінің жедел уәкілі полиция аға лейтенанты Исаев Ринат қылмыскердің қолынан қаза болғанд, Исаева Диана бар болғаны екі жаста еді. Бүгін ол 12 жаста, оқу озаты. Кездесу барысында ІІД бастығы Диана қалаған көпфункциялы компьютерлік ойын приставкасын тарту етті.
Ардагерлер Кеңесінің төрағасы Үдербаев Нұрлыбек Ғалиұлы балаларды мерекелерімен құттықтап оларға әр қашан дендері сау болып әкелерін мақтан тұтуларын тіледі. – Биікті армандап, жақсылықты қаландар, сонда сіздердің армандарыныз міндетті түрде орындалады – деді полицей ардагері.
Сонымен қатар балалар полиция қызметкерлерінің балаларына арнап ұйымдастырылған жаңа жылдық шыршасына қатысты.
ШҚО ІІД Баспасөз қызметі
