Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Алматы облысының әкімі А.Баталов ауыр атлетикадан үздік бапкерлерді марапаттады

Облыс әкімі Амандық Баталов 2014 жылғы ауыр атлетикадан Әлем чемпионатында жоғарғы спорттық нәтижелер көрсеткен Алматы облысының спортшылары мен жаттықтырушыларын қабылдап, оларды марапаттады.

Атап айтқанда, ауыр атлетикадан ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 2014 жылы Алматы қаласында өткен ересектер арасында әлем чемпионатында күміс медаль иеленгені үшін Владимир Седовқа облыс әкімінің алғыс хаты және 1 267 000 теңгенің сертификаты тапсырылды.

Сондай-ақ Зүлфия Чиншанлоны дайындағаны үшін ауыр атлетикадан ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Виктор Ниге облыс әкімінің алғыс хаты және 1 810 000 теңгенің сертификаты, ал  Владимир Седовты дайындағаны үшін ауыр атлетикадан жаттықтырушы Сергей Седовқа облыс әкімінің алғыс хаты және 905 000 теңгенің сертификаты табысталды. Зүлфия Чиншанло бұл кездесуге денсаулығына байланысты келе алмады.

- Бүгінде облыс көлемінде жасөспірімдердің спорттық мектептері, жоғарғы шеберлік спорт мектебі, олимпиадалық резервтер әзірлеу орталығы сынды дарынды балаларға арналған барлығы 25 спорттық мекеме жұмыс істейді. Ағымдағы жылы дене шынықтыру мен спортқа 5 млрд. теңгеден астам қаржы бөлініп, материалдық-техникалық базасы жаңартылуда, — деді облыс әкімі А.Баталов.

Естеріңізге сала кетейік, үстіміздегі жылдың 16 қарашасында Алматы қаласындағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында ауыр атлетикадан ерлер мен әйелдер арасындағы әлем чемпионаты өткен болатын. Бұл біріншілікте еліміз 3 алтын, 2 күміс медаль жеңіп алып, командалық есепте 3-ші орынға тұрақтады. Онда Зүлфия Чиншанло, Жасұлан Қыдырбаев, Илья Ильин сынды саңлақтарымыз алтын жүлдегер атанса, Жазира Жаппарқұл және Владимир Седов секілді атлеттеріміз күміс медальға қол жеткізді. Бұл еліміздің 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиада ойындары үшін қажетті ұпай қорының іргесін қалауына негіз береді, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен.

 
Басты сөздер: Алматы облысыСпорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
 
0
0
438

Осы тақырып бойынша

Алматы облысының әкімі А.Баталов ауыр атлетикадан үздік бапкерлерді марапаттады - Yvision.kz