Алматы қаласында тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселесі бойынша ведомствоаралық комиссияның мәжіліс отырысы өтті
Мәжіліс отырысына Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары және 2015 жылға арналған жоспар қаралды.
Комиссияның жұмысына Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы, Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық инспекциясы, Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Алматы қаласы бойынша аумақтық инспекциясы, Жеке кәсіпкерлер Палатасы өкілдері қатысты.
Мәжіліс барысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау қызметінің негізгі бағыттары, ведомствалармен өзара-әрекет және ақпарат алмасу мәселері талқыланды.
