Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Министрліктер үйінде Діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті.

2014 жылғы 24 желтоқсанда сағ. 15.00-де Министрліктер үйінде Діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті.

Кеңес отырысына діни бірлестіктердің басшылары, Қазақстан халық Ассамблеясының, мемлекеттік органдардың және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сонымен қатар дінтанушы ғалымдар, қоғам қайраткерлері қатысты.

Шара барысында ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңын жүзеге асыру мәселелері қарастырылып, 2014 жылғы атқарылған жұмыстарға қорытындылау жасалынды.

Кеңес отырысында Астана қаласы мен Ақмола облысының дін істері басқармаларының басшылары өз баяндамаларында Кеңес мүшелерін өңірлердегі діни ахуал және дін саласындағы өзекті мәселелерді шешу бойынша іске асырылып жатқан шаралар туралы хабардар етті.

Шара соңында Кеңес мүшелерімен Кеңестің 2015 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді

0
0
286

Осы тақырып бойынша

Министрліктер үйінде Діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті. - Yvision.kz