EGov тұтынушылары «Сот кабинетіне» авторизациясыз кіре алатын болды
Бүгін ҚР Жоғарғы Соты мен «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ өкілдері «Электронды үкімет» (egov.kz) пен Жоғарғы Соттың «Сот кабинеті» электронды сервисінің (office.sud.kz) интеграциялануы мәселелерін талқылады. Ақпараттық жүйелер арасындағы бірыңғай авторизацияны білдіретін Single Sign-On (SSO) механизмінің іске қосылуы Екіжақты ынтымақтастықтың басты жетістігі болып табылады. Тұтынушы қосымша авторизациясыз-ақ талап арыз беру, сот хаттамасын электронды нұсқада алуды сұрату туралы өтініш беру немесе хаттамаға өтініш беру туралы сұранысты қамтитын Жоғарғы Соттың үш қызметінің бірін пайдалана алады. Енді бұл қызметтерді алуға «Электронды үкіметі» порталында авторизациядан өтудің өзі жеткілікті. «Ақпараттық технологияларды соттарда қолдануды дамыту мақсатында «Сот кабинеті» ақпараттық серв…

