Мобилді ХҚКО халық игілігі үшін
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жасаған 2005 жылғы 18 ақпандағы «Қазақстан жеделдетілген экономикалық, әлеуметтік және саяси жаңғыру жолында» деп аталатын жолдауын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 қаңтардағы №1 «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің халыққа қызмет көрсету орталықтарын - мемлекеттік мекемелерін құру туралы» қаулысының негізінде облыстарда, Алматы және Астана қалаларында «бір терезе» қағидаты бойынша жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсететін Халыққа қызмет көрсету орталықтары құрылған болатын. ХҚКО-н құру идеясы прогрессивті идея ретінде тұрғындар үшін де, мемлекет үшін де ыңғайлы болғандығын дәлелдеп, өзін-өзі ақтап отыр. Мемлекеттік қызметті алуға жүгінген әрбір азамат өзіне қажетті барлық анықтамалар мен құжаттарды «бір терезеден» алып, соның нәтижесінде келесі қандай органға жүгіну қажет, қандай құжаттарды жинау керек, сондай-ақ ең бастысы қажетті құжаттардың әрқайсысын алуға қанша уақыт қажет деген ойда болмайды.
Қазақстанда мобилді ХҚКО жұмыс істей бастады, яғни Халыққа қызмет көрсету орталығының жұмыскерлері мемлекеттік қызмет көрсетуге жеке қызмет көліктерімен шыға бастады. Негізгі мақсаты шалғай орналасқан жерлердегі халық тұрғындарына және мүмкіншілігі жоқ азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсетуді қамтамасыздандыру болып табылады. Азамат(ша) мемлекеттік қызмет алу үшін өз қаражаттарын кетірмей және де өз уақытын жоғалтпай ешқайда бармайды, алайда бұл есепке мемлекеттік салық кірмейді.
Халыққа қызмет көрсету орталығы мобильді топтардың сапарлар кестесін алдын-ала бекітілген график бойынша іске асырады.
Қабылдау азаматтардың тілектері бойынша мемлекеттік немесе орыс тілінде жүргізіледі.
Мобильдік ХҚКО құжаттарды сол бағыттары бойынша қабылдайды әсіресе: азаматтарды тұрғылықты жеріне тіркеу және тіркеуденшығару бағыты бойынша, халықты құжаттандыру; жылжымайтын мүлікті тіркеу бағыты бойынша, АХАЖ бағыты бойынша/ қайталама куәліктер мен анықтамалардан басқа, бүгінгі күнге дейін ХҚКО балаларға бірінші рет туу туралы куәліктерді беру, сот шешімі арқылы некені бұзу; заңды тұлғалар мен филиалдарды мемлекеттік тіркеу бағытыбойынша; кіші өзен кемелерін тіркеу бағыты бойынша. Сонымен қатар мемлекеттік қызметтерді Мобильдік топ қаржы Министрлігі бағыты бойынша, орталықты қорғау Министрлігі бағыты бойынша, ауылшаруашылық Министрлігі бағыты бойынша, көлік және коммуникация Министрлігі бағыты бойынша және т.б. .
Бүгінгі таңда Халыққа қызмет көрсету орталығының атқаратын қызметі мол. Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жанынан құрылған Мобильдік Халыққа қызмет көрсету орталықтары шалғай ауылдардағы тұрғындарға қолайлы болды. Аудандық орталыққа жол жүруге байланысты шығындарды қысқарту және уақытты үнемдеу үшін, Мобильді ХҚКО селолық округтің әкімдерімен алдын ала келісілген кесте бойынша шалғай орналасқан елді-мекендерге шығады және қызметтердің негізгі түрлерін көрсетеді.
