Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Солтүстік Қазақстан облыстық соты республиканың облыстық соттары арасында бірінші орынға ие болды

Жоғарғы Сотта облыстық, аудандық және оған теңестірілген соттың жұмысын үздік ұйымдастыру бойынша 2014 жылға арналған республикалық байқау-конкурстың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі болып өтті.
Конкурс қорытындысы бойынша облыстық және оған теңестірілген соттардың арасында бірінші орынды Солтүстік Қазақстан облыстық соты иеленді.
Солтүстік Қазақстан облыстық соты  алғаш рет республикада бірінші орынға ие болды.
Бұл біз үшін үлкен абырой, жауапкершілік, - деді облыстық соттың төрағасы Мұратғали Әкетай. Сот төрелігін сапалы іске асыру үшін Елбасы тарапынан да, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты төрағасының тарапынан да  барлық жағдай жасалған.
Елбасы сот жүйесіне ерекше назар аударады, судьялардың сапалы жұмыс жасауы үшін барлық жағдай жасаған. Қазақстан Республикасының Президенті егемен Қазақстанның сот жүйесінің қалыптасуына үлкен үлес қосқан. Н.Назарбаевтың салиқалы саясаты арқасында елімізде халықаралық станедарттарға сай сот жүйесі қалыптасқан.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы арқасында тез әрі сапалы сот төрелігін іске асыруды қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының сот жүйесі бар. Сотқа жүгінетін адамдар саны көбейгені сот жүйесіне деген сенім артқанының дәлелі, - деді Солтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы.
Жоғарғы Соттың Төрағасы Қ.Мәми іс-шараны аша отырып, республика соттары жыл бойы өз жұмыстарын ұйымдастыруды жақсарту бойынша белсенді шаралар қабылдағанын атап өтті. Бұған Жоғарғы Сотқа өңірлерден келіп түскен алғыс хаттар мен жылы лебіздер дәлел бола алады. Әсіресе, соттардың жаңа электрондық сервистері халықтың зор қолдауына ие болғанын атап өткен жөн.
Сот кабинеті белсенді қолданылуда, сот актілерімен танысу рәсімдері мен мемлекеттік баж салығын төлеу айтарлықтай жеңілдеді.
СМС-хабарлама мен гибридтік пошта жүйесі енгізілді. Бұл сот шығындарын едәуір қысқарта отырып, процеске қатысушыларды хабарландыруды жеделдетуге мүмкіндік берді.
Соттарда электронды цифрлы қолтаңбаны қолдану іс жүргізу заңына өзгерістер енгізуге және қағаз түріндегі құжат айналымын қысқартуға ықпал етті.
Осы аталған барлық шаралар қолжетімділікті арттыру және соттың істі қарау мерзімін қысқарту мақсатында қолға алынып, азаматтардың мүддесін ескере отырып, іске асырылуда.
Қ.Мәми конкурс қорытындысы бойынша жүлдегер атанған сот ұжымдарына алғысын білдіре келе, бұл марапат оларға жоғары жауапкершілік жүктейтіндігін атап өтті.
Бірінші орын судьялар  жұмысын анағұрлым сапалы ұйымдастыруға ынталандырады, олардың жауапкершілігін, халық сенімін арттырады.
Сот жұмысын үздік ұйымдастыру жөніндегі республикалық конкурсты Жоғарғы Сот Қазақстан Республикасының Судьялар Одағымен бірлесіп, 2014 жылдың қаңтарында жариялаған болатын.
Соттар қызметін ұйымдастырудың деңгейі мен сот төрелігін жүзеге асыру сапасын арттыру, электрондық сот іс жүргізуді енгізу, төрешілдікті жою, жұртшылықпен байланысты нығайту, республика соттарының оң тәжірибесін анықтау және оны тарату конкурстың басты мақсат-міндеті болып табылады.
Соттардың қызметі келесі критерийлер бойынша бағаланды: сот ғимаратының жағдайы және безендірілуі, талдамалық жұмысты жоспарлау және жүргізу, істерді уақытылы және сапалы қарауды қамтамасыз ету, сот процестерін ұйымдастыру, сот ісін жүргізуде заманауи технологияларды қолдану, сот ақпаратына қолжетімділік.
Байқауда жеңімпаз атанған сот ұжымдары дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
1
0
429

Осы тақырып бойынша

Солтүстік Қазақстан облыстық соты республиканың облыстық соттары арасында бірінші орынға ие болды - Yvision.kz