Облыстық Ішкі істер департаменті Криминалдық полиция басқармасы және Балқаш қалалық Ішкі істер бөлімі криминалдық полиция бөлімі қызметкерлерімен Балқаш қаласында қарақшылық шабуыл жасаған 35 –жастағы Атырау қаласының тұрғыны ұсталды
Облыстық Ішкі істер департаменті Криминалдық полиция басқармасы және Балқаш қалалық Ішкі істер бөлімі криминалдық полиция бөлімі қызметкерлерімен Балқаш қаласында қарақшылық шабуыл жасаған 35 –жастағы Атырау қаласының тұрғыны ұсталды.5-ші қаңтар күні Ішкі істер департаменті криминалдық полиция басқармасымен балқаш қалалық ІІБ Криминалдық полиция бөлімі қызметкерлерінің жедел –іздестіру іс –шаралары барасында 2-ші қаңтар күні қаладағы дүкендердің бірінің сатушысын пышақпен қорқытып, басынан ұрып, түскен ақшаны алып қашып кеткен 35 –жастағы Атырау қаласының тұрғыны анықталып, ұсталды. Дүкеннің сатушысы ұсталған күдіктіні таныған. Қазіргі уақытта ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалып, оның үстінен Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 192 бабы «Қарақшылық шабуыл» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.
