Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

2022 жылғы Олимпиадалық ойындарға үміткер Бейжің мен Алматының таныстырылымы болады

Бейжің (Қытай) мен Алматы (Қазақстан) ертең Халықаралық олимпиадалық комитеттің (ХОК) штаб-пәтерінде 2022 жылғы қысқы Олимпиадалық ойындарды ұйымдастыру үшін үміткер ретінде өздерінің таныстырылымын өткізеді, деп хабарлады sports.kz.

Бейжің мен Алматы басқа үміткер қалалар — Стокгольм (Швеция), Краков (Польша), Львов (Украина) және Осло (Норвегия) додадан шығып қалғаннан кейін Олимпиада өткізу құқығын жеңіп алу үшін екеуі ғана бәсекеге түседі.

ХОК 2022 жылғы қысқы Олимпиадалық ойындардың қайта өтетіні  жөніндегі шешімді осы жылғы 31 шілдеде Куала-Лумпур қаласында қабылдайтын болады.

 

АСТАНА. ҚазАқпарат

 
0
0
283

Осы тақырып бойынша

2022 жылғы Олимпиадалық ойындарға үміткер Бейжің мен Алматының таныстырылымы болады - Yvision.kz