Павлодар облысында бөлшек сауда саласындағы проблемалы мәселелер бойынша дөңгелек үстел өткізілді
Павлодар облысы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті қызметтің әртүрлі салаларындаедәуір жиі кездесетін тұтынушылардың құқықтарының бұзылуын анықтау жөніндегі жұмысты жалғастыруда.
Департамент бөлшек сауда саласындағы проблемалы мәселелер– тауар туралы ақпарат алу, тауарды алмастыру немесе кері қайтару, қауіпсіздігі мен сапасы, тауарды сатып алу фактісін растайтын құжаттарды беру нормасы, тауарды орналастырудың айрықша қағидаларын сақтау, сатушылардың дөрекі қатынастары, сервистік қызмет көрсету және басқа да бірқатар мәселелербойынша дөңгелек үстел отырысын өткізді.
Өзекті тақырыптарды талқылауға Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасының мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жөніндегі бөлімінің сарапшылары, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының өкілдері, «Павлодар облысы тұтынушылар одағы» КСО, Павлодар облысы ІІД-нің бұзушылықтардың алдын алу және ювениалды полиция бөлімдерінің басшылары, сондай-ақ кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармаларының өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстел жұмысының барысында кездесуге қатысушылар азық-түлік тауарларын, балаларға арналған бұйымдарды өткізу кезіндегі бұзушылықтарға, Кеден одағының Техникалық регламенттері талаптарының бұзылуына қатысты мәселелерді талқылады, өнім (тауар) қауіпсіздігі мәселелері бойынша облыстың Кәсіпкерлер палатасымен, қоғамдық бірлестіктерімен одан әрі ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жасасу жолдары және басқа да бірқатар мәселелерді талқылады.

