Полторанин Әлем кубогында сегізінші орынға тұрақтады
Жақында италиялық Валь Ди Фьеммеде «Тур де Ски» беделді шаңғы көпкүндігі аяқталды. Қазақстандық шаңғышы Алексей Полторанин жарыс нәтижесінде сегізінші орынға ие болды, бұл оған Әлем кубогында сегізінші орынға тұрақтауға мүмкіндік берді, деп хабарлайды Sports.kz.Еске сала кетсек, өткен жылы Алексей 12-ші болып келді, ал 2013 жылы маусымды жоғары төртінші орынмен аяқтады.
Шаңғы жарысы бойынша Әлем кубогының жалпы есебі:
1. Мартин Йонсруд-Сундбю (Норвегия) — 1189 ұпай
2. Кіші Петтер Нортуг (Норвегия) — 849
3. Калле Халфварссон (Швеция) — 806
8. Алексей Полторанин (Қазақстан) — 457.

