«ID TV» қызметінің пайдаланушылары ушін ПАЙДАЛЫ АҚПАРАТ
«ID TV» қызметі телеарналарының өңірлік топтамаларын қосу тәсілі туралы
АҚПАРАТ»

Шығыс Қазақстан облыстық телекоммуникация дирекциясы 2014 жылдың қыркүйегінен бастап қолданысқа енген «ID TV» қызметі телеарналарының өңірлік топтамаларын қосу тәсілі туралы хабардар етеді.
Өңірлік телеарналар топтамасын қосу үшін «Мәзірге» кіріп «Екшеу» - «Жазылу» - «Телеарна» жолдарын таңдап, «Pin-кодты» (құпия сөз – 1111) тергеннен соң «ОК» түймешігін бассаңыз топтамалар тізімі пайда болады. Өзіңізді қызықтырған телеарналар топтамасын таңдағаннан кейін «ОК» түймешігін басып «Мәзір» - «Арналар тізіміне» қайта кіріп өзгерістерді сақтау қажет. Аталмыш әрекеттерді орындағаннан соң «Pin-кодты» (құпия сөз – 1111) жазып, «ОК» түймешігін басу керек.
Топтамалар телеарналардың географиялық орналасу аймағына қарай қалыптастырылған. Мысалы «Батыс» топтамасына Қазақстан-Ақтөбе, Қазақстан-Ақтау, Қазақстан-Орал және Қазақстан-Атырау; "Шығыс" топтамасына Қазақстан-Өскемен, Қазақстан-Павлодар, Жетісу; "Солтүстiк" топтамасына Қазақстан-Петропавл, Қазақстан-Көкшетау, Қазақстан-Қостанай, Қазақстан-Қарағанды, "Оңтүстiк" топтамасына Қазақстан-Шымкент, Қазақстан-Тараз, Қазақстан-Қызылорда.
«iD TV» қызметін пайдаланушы STB приставкасының көмегімен телеарналардың өңірлік топтамаларын тегін қоса алады.
