Оңтүстік Қазақстан облысын мекендейтін қазақтың ру-тайпалары
Оңтүстік Қазақстан облысын мекендейтін қазақтың ру-тайпалары Қазақ халқын өзге ұлттардан ерекшелендіретін дәстүрлерінің бірі және қатаң генетикалық заңы – экзогамия. Яғни бір қауым мүшелері арасындағы некеге тиым салу, қан араластыруға (инцест) жол бермеу. Біздіңше, ата-бабаларымыз осы салтты тым ертеден-ақ қолға алса керек. Олардың кейбір жұптардан балалардың дені сау, ал кейбіреулерінен дімкәс немесе мүгедек болып туылатынына назар аудармауы, ойланбауы мүмкін емес. Өздерін «жылқы мінездес» деп айтатын, бүкіл өмірлері ат үстінде өткен аталарымыздың қан араластыруға жол бермеуіне жылқы да өз әсерін тигізсе керек. Ал жылқы ешқашан қан араластырмайды екен. Тай, ересек құнаннан дөнен шығып, «апа-қарындастарына» мекіренер жасқа жеткенде үйір егесі – кексе айғыр оны талап, теуіп-тістелеп үйірд…

